Оның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рамиль Камалов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасында тұңғыш рет өртке қарсы қызметтің 100 жылдығына арналған функционалды өрт көпсайысы бойынша алғаш рет ұйымдастырылған аймақаралық чемпионаттың бағдарламасы шеңберінде 13 күштік жаттығулар, оның ішінде бір қолмен салмағы 24 кило тартатын гірді көтеру, жүгіру, қысымды өрт сөндіру шлангілерімен жалғастыру, газ баллондарын тасымалдау, тіпті арқанға байланған автомобильді 50 метрге дейін қозғалту секілді күрделі міндеттер орындалды. Өз командаларын қызу қолдаған жанкүйерлер LED экраны арқылы өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жайлы бейнероликтерді тамашалады. Балалар арасында азаматтық қорғау тақырыбына арналған викториналар ойналды.
Өрт сөндірушілер арасындағы жекелеген сындар қорытындысында Қостанай облысының өкілі Дмитрий Балацко жеңімпаз атанды. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Руслан Мұстафин иеленді. Командалар бойынша алаң иелері жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарды қостанайлықтар мен астаналықтар бөлісті.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы