«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі- баспасөз хатшысы ретіндегі қызметімді аяқтадым. Тапсырылған сенімі үшін Бақытжан Әбдірұлына, көрсетілген қолдау үшін БАҚ өкілдері мен бірге жұмыс атқарған қызметтестерге үлкен алғыс айтамын», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
«Алдағы еңбек жолымды дипломатиялық қызметке арнап, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі ретінде жалғастыратын боламын», - дейді А.Қыдырма.