Әлем • 22 Мамыр, 2018

Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Мәскеуге барды

382 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Мәскеуге келді. Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері Вячеслав Володинмен келіссөз жүргізіп, Мемлекеттік Дума мен Парламент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палатааралық парламенттік комиссияның оныншы отырысына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Мәскеуге барды

Сонымен бірге Мемлекеттік Думада «Қазақстан – Ресей ға­сыр­ларға жалғасқан достық» көрмесінің ашылуы болды.

Парламент палаталары басшыларының кездесуіне Қазақ­стан мен Ресей арасын­дағы қарым-қатынасты сөз еткен Мәжіліс Төрағасы жоға­ры деңгейдегі кездесулер мен жеткен жетістіктер стратегия­лық әріп­тес саналатын қос мем­ле­кет­­тің өзара іс-қимылының жар­қын үлгісіне айналғандығын атап өтті.

Н. Нығматулиннің пікірінше, біздің елдеріміз арасында се­нім­ді саяси үнқатысу орнап, терең экономикалық байланыстар арт­қан, мәдени-гуманитарлық ынты­мақтастық жыл сайын ны­ғайып келеді. Мәжіліс Спикері атап өткендей, бұл – Қазақстан мен Ресей басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Пу­тиннің өзара түсіністік пен дос­тыққа негізделген бірлескен тиімді жұмысының нәтижесі.

Н.Нығматулин екі ел бас­шыларының келісімдерін заң­намалық тұрғыдан қолдауға ерекше назар аударды.

Мемлекеттік Дума Төрағасы Мәжіліс делегациясының ресми сапарының маңыздылығына тоқталды. Бұл – соңғы 10 жыл­дағы алғашқы сапар. В.Воло­дин қазақстандық және ресей­лік депутаттардың бүгінгі кез­де­сулері парламентаралық ынты­мақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

Қазақстан-Ресей байланысын дамытудың өзекті мәселелері Мәскеуде өткен екі ел парла­мент­тері палаталарының басшы­лары Нұрлан Нығматулин мен Вячеслав Володин қатыс­қан Мем­лекеттік Дума мен Пар­ла­мент Мәжілісі арасындағы ын­ты­мақтастық туралы пала­та­­ара­лық парламенттік комис­сия­ның 10-отырысында одан әрі жалғасты.

Күн тәртібінде шекаралас ын­тымақтастықтың перспекти­валары, көлік және логистика, инновацияны және экономи­каны цифрландыру мәселелері тал­қыланды. Осыған орай Н.Нығ­­матулин инновациялық тех­нологияларды енгізу, экономиканы цифрландыру Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың халыққа Жолдауында айтылған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Цифрлы эко­номиканы дамытуды және оның бәсекеге қабілеттілігін арт­тыруды заңдық тұрғыдан қол­дау екіжақты стратегиялық әріп­тестікті нығайтуға жол ашады.

Екі елдің тату көршілік қарым-қатынасын Мәжіліс Төра­ғасы Н.Нығматулин және Мем­ле­кеттік Дума Спикері В.Во­ло­дин қатысқан «Қазақстан және Ресей: ғасырларға жалға­с­қан достық!» көрмесіне қойылған суреттер айшықтай түсті. Н.Нығ­матулин көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде:

– Көрменің тақырыбы да, оған қойылған экспонаттар да Қа­зақстан мен Ресейдің 25 жыл ішінде жүріп өткен тарихи жо­лынан сыр шертеді. Біздің ел­деріміздің басшылары Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баев пен Владимир Влади­ми­рович Путиннің салиқалы саясатының арқасында Қазақ­стан мен Ресей ең жақын, ең бауырлас елдер ретінде бүгін­гі күні мемлекетаралық ынтымақ­тастықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл біздің бүгінгі және болашақ табыс­тарымыздың кепілі. Осы жолда парламентаралық байланыстың да рөлі өте зор, – деді.

Өз кезегінде Мемлекеттік Дума Төрағасы көрме ортақ тари­хымызды еске алып, бола­шаққа байлам жасаудың тамаша көрінісі екенін атап өтті.

– Бұл сапар біздің әріптестік мүмкіндігіміздің зор екенін көр­сетеді. Мемлекеттік Дума мен Парламент Мәжілісі арасын­дағы ынтымақтастық туралы пала­тааралық парламенттік комис­сияның жұмысы өте маңыз­ды. Әсіресе, біздің елдері­міз басшыларының келісім­дерін заңнамалық тұрғыдан қамта­масыз ету жолында өзектілігі жоғары, – деді В.Володин.

Көрмеде Мемлекеттік Ду­маның XX ғасыр басындағы бірінші және екінші шақырылым жұмыстарының мұрағаттық суреттері қойылған, ол жұмыс­тарға қазақ депутаттары да қа­тысқан болатын.

Ал ортақ тарих туралы Ұлы Отан соғысы, тың игеру ке­зеңіндегі ерліктер, Байқоңырдан ғарышқа алғашқы сапар жа­йын­дағы естелік қойылған.

Көрменің ашылуына қа­тысқан алғашқы әйел-ғарышкер, қазірде Мемлекеттік Дума депутаты Валентина Терешкова Қазақстан Президентіне деген ыстық ықыласын жеткізді. Ол өз сөзінде:

– Біздің елдеріміздің тұр­ғындары ең алдымен, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айрықша ілтипатпен және құрметпен қарайды. Мен де өз халқының игілігі үшін қызмет ететін әйгілі мемлекет қайраткерін зор құрмет тұтамын, – деді.

Сондай-ақ көрмеде екі мем­лекет тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан орнаған қарым-қатынас жайында мағ­лұмат беретін естеліктер бар. Ол суреттерден Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Ресей прези­денттерімен кездесулері кезін­де маңызды стратегиялық құжат­тарға қол қойып жатқан сәт­терін, Еуразиялық интеграция ту­ралы алғаш рет жария еткен М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеген сәттерін көруге болады.

– Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еуразиялық идея – ол тек идея ғана емес, ол – жүзеге асқан бағдарлама. Біз Еуразиялық одақсыз сенім­ді, тұрақты болашақты қамта­масыз ете алмайтынымызды түсінуіміз керек. Сондықтан Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мемлекеттік Думаның осы идеяны жүзеге асыру жолында бірлесе іс-қимыл жасайтыны құптарлық, – деді «Ресей Феде­рациясы Коммунистік партиясы» фракциясының жетекшісі Ген­надий Зюганов.

Көрме барысында, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның ай­шықты белгісі – Астанаға да ай­рықша назар аударылған. Көр­меге қойылған Астананың даму қарқыны мен көз тартар сұ­лулығынан сыр шертетін су­реттер көпшіліктің қызығу­шылығын тудырды.

Осы орайда Мемлекеттік Дума депутаты Ирек Зиннуров:

– Назарбаев – нағыз Көш­басшы. Сондықтан да сіздер­дің елде болып жатқан барлық өзгерістер тікелей Прези­дент­тің атымен байланысты. Бұл Астанаға да қатысты деу­ге болады. Мен ол жерде бұрын да болғанмын, кейін де бардым. Бұл – ертегі қала, – деген пікірін білдірді.