Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге шолу

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жайы,  орман және дала өрттерінің алдын алу мен сөндіруге даярлық, сондай-ақ ҰБТ өткізуге дайындық барысы және еңбек және әлеумет саласын цифрландыру мәселелері қаралды.

Егемен Қазақстан
22.05.2018 3385

Көктемгі егіс науқаны қалай жүргізілуде?

Көктемгі егін жұмыстарын жүргізу барысы туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады. Вице-министрдің мәлімдеуінше, биыл жалпы егістік алқабы 21,8 млн гектарды құрамақ, бұл іс жүзінде өткен жылғы деңгеймен шамалас. Дәнді дақылдарды 14,7 млн гектарға, оның ішінде бидайды 11,4 млн гектарға себу жоспарланған, бұл 2017 жылғыдан 544 мың гектарға аз. Бұл ретте жемшөп дақылдары осы көлемге көбейетін болады, жемдік дәнді дақылдар 2,5 млн гектарға себіледі, бұл өткен жылғыдан 49 мың гектарға артық. Майлы дақылдар 2,6 млн гектарды құрайды. Картоп алқабы да оң өсу динамикасын көрсетіп, 210 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 15 пайызға артық.

«Қазіргі таңда көктемгі егіс барлық жерде толық қарқынмен жүріп жатыр. 21 мамырдағы жағдай бойынша жаздық дәнді дақылдар жоспарланған алқаптың 31 пайызға, майлы дақылдар – 50 пайызға, көкөніс-бақша дақылдары – 77 пайызға, картоп – 55 пайызға егілді. Қант қызылшасы мен мақта егу жұмыстары аяқталды», деді А.Евниев.

Дегенмен, ауа райының салқындығынан және топырақтың кеш қызуына байланысты егіс жұмыстарының қарқыны өткен жылдағыдан біршама төмен деңгейде орындалып жатыр екен. Осыған байланысты егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау үшін техниканы жоғарғы өнімділікпен пайдалануды қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі биылғы астық өніміне 2,6 млн тонна тұқым дайындалғанын атап өтті.

Айтқандай, биыл шаруалардың көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынына қажеттілігі 375 мың тоннаны құрады. Энергетика министрлігімен бірлесіп, биыл ақпан-маусым айларында Өңірлерге дизель отынын жеткізу кестесі бекітілген. Энергетика министрлігі сәуір-мамыр айларына МӨЗ шығару бағасын литріне 134 теңгеден белгіледі, бұл ретте операторлардың жеткізу шығынын ескере отырып, өңірлердегі орташа баға литріне 150 теңгені құрайды, бұл нарықтағы бағадан 9 пайызға арзан.

Жиын барысында өңірлердегі көктемгі егін жұмыстарын жүргізу барысы туралы Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов, Ақмола. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин баяндады. Ал өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев егін егу науқаны барлық өңірлерде кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, облыс әкімдері көктемгі егістікті уақытылы аяқтау үшін барлық күш-жігерлерін жұмсау керектігін айтып өтті.

Орман өртінің өршу себебі не?

Үкімет отырысында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық мәселелері жөнінде Ішкі істер министрі Қ.Қасымов пен Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Евниев есеп берді. ІІМ басшысы атап өткендей, жыл сайын табиғи өрт деңгейі айтарлықтай артып келеді. Сонымен қатар бүгінде өңірлерде орман және дала өрттерінің алдын-алу шаралары басталды. «Мамыр айының соңына дейін Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру инспекциясы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге қарайтын ұлттық парктерді, табиғи қорықтарды тексеруді аяқтайды. Балалар лагерлерін тексеруге де ерекше назар аударып отырмыз»,  деді Қ. Қасымов.

Орман-дала алқаптары мен демалыс орындарын күн сайын патрульдеу қолға алынған. Осы мақсатта мемлекеттік өрт бақылау, орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылуда.

Жиында Осы жылдың өрт қаупі бар маусымында мемлекеттік орман иеленушілердің орман өрттерін жоюға дайындығы туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Евниев баяндады. Мәлім болғандай, бүгінде еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 29,8 млн гектарды құрайды. Ал өрт таралуының негізгі себебі – орман мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ өрт бақылау мұнараларының жоқтығы.

Ішкі істер және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің есептерін қарағаннан кейін, Премьер-Министр Б.Сағынтаев, биыл Қазгидромет болжамына сәйкес республиканың кейбір өңірлерінде жаз мезгілінде ауа температурасы нормадан жоғары болатынын атап өтті. Бұл жағдайлар еліміздің орман және дала аймақтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек назар аударуды талап етеді.

Биылғы ҰБТ-да қандай өзгеріс бар?

Биыл ҰБТ 15-ші рет өткізіледі. Осы жылдар ішінде ҰБТ-ға 1,5 млн астам мектеп бітіруші қатысқан. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 80 пайызын құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады. Министрдің айтуынша, 2017 жылға дейін ҰБТ үш функцияны атқарды: 11 жылдық оқуды аяқтау қорытындысы ретіндегі бітіру емтиханы, жоғары оқу орындарына түсу емтиханы және түлектерге мемлекеттік гранттарды тағайындау механизмі.

«Өздеріңіз білетіндей, тестілеудің бұл форматы 2017 жылы өзгерді. Енді қорытынды аттестаттау немесе бітіру емтихандары мектептерде өткізіледі, ал ҰБТ – жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарды тағайындау емтиханы болып қалып отыр», деді Е. Сағадиев.

2018 жылы ҰБТ форматы өзгермейді, яғни былтырғы жылғы форматқа сәйкес өткізіледі. ҰБТ-ның өткізілу мерзімі және берілетін тест сұрақтарының саны да өзгермейді. Бүгінгі күні барлық ҰБТ пәндері бойынша тест сұрақтарының базасы құрылған. 2018 жылы тест сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңартылған.  Осы жылғы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілердің саны 102 442 немесе жалпы бітірушілер санының 70 пайызын құрайды. Оның ішінде 77 мың немесе 76 пайызы қазақ тілінде, 25 мыңы немесе 24 пайызы орыс тілінде тапсырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға өтініш берген жалпы бітірушілердің саны 10 мыңға өсіп отыр. ҰБТ-ға қатысатын балалардың үлесі 70 пайызды құрап, қазақ тілінде тапсыратын балалардың саны 5 пайызға өткен. Биыл бітірушілерге алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі берілмек.

Тест тапсырушыларға арналған жағдайды жақсарту мақсатында биыл бірқатар жаңалықтар енгізілген. Мәселен, әр түлекке ҰБТ сертификатымен бірге, бейіндік пәндердің комбинациясы бар ақпараттық парақшаны беру; қандай мамандықтарға баруға болатыны туралы мамандықтар тізімі; ҰБТ-ға дәлелді себеппен қатыса алмаған жағдайда ҰБТ-ны келесі лекте тапсыру немесе КТ тапсыру мүмкіндігін беру; ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды жеке көмекшімен, сондай-ақ сурдоаудармашы мамандарымен қамтамасыз ету; Қазақстан бойынша тегін қоңырау жасауға болатын бірыңғай call-орталықты іске қосу.

Биылдан бастап «Алтын белгіге» ие болған түлектер білім беру гранттарын тағайындау кезінде тек балдары тең болған жағдайда ғана басым құқыққа ие болады. Осы жылдың тамыз және келесі жылдың қаңтар айларында ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу мүмкіндігі бұрынғысында сақталады. Осы норманың арқасында 30 мыңнан астам жасқа жоғары білім алу құқығы берілген.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр ҰБТ әрқашан да әлеуметтік маңызды мәселе екенін атап өтті.Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігіне әкімдермен бірлесіп, барлық ықтимал сын-тегеуріндерді ескере отырып, талдау жүргізу және ҰБТ-ны тиісті деңгейде өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет. Әкімдерге мектептерде қорытынды емтихандарды ұйымдастыру және ҰБТ өткізу мәселелерін жеке бақылауға алу тапсырылды.

Цифрландыру жайы қалай?

Үкімет отысында еңбек және әлеумет саласын цифрландыру барысы туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев баяндады.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бүгінгі таңда еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер және көші-қон секілді ведомство қызметінің барлық бағыттары бойынша 11 кіші ақпараттық жүйені қамтитын Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе туғаннан бастап өмір бойы 15 млн-нан астам қазақстандықтың дербес есебін жүргізеді және өмірдің барлық кезеңдерінде автоматтандырылған қызметтерді көрсетеді. Министрліктің 34 қызметінің 17-сі автоматтандырылды, бала тууға байланысты 2 қызмет проактивті көрсетіледі, 3 қызмет ішінара автоматтандырылған, 7 қызметті тағайындау бойынша ақпаратты электрондық түрде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев та саланы цифрландыру барысы туралы баяндады. «Еңбек кітапшаларын және еңбек шарттарын цифрландыру қағаз түріндегі құжаттарды қысқартуға алып келеді, сондай-ақ сақтауды және мұрағат деректеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұдан былай электрондық еңбек шарттары еңбек өтілін растау үшін талап етілетін зейнетақыны, жәрдемақыны тағайындауға мүмкіндік береді», деді АКМ басшысы.

Министрлердің баяндамаларын тыңдағаннан кейін Үкімет басшысы электронды еңбек биржасы – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптік пайдалануға берілген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының алғашқы өнімі екенін атап өтті. Жобаның табысты болуы тек Еңбек министрлігіне ғана емес, сондай-ақ, барлық ұлттық компанияларға, холдингтерге, орталық мемлекеттік органдардың ведомствоға бағынысты ұйымдарына және жергілікті әкімдерге де байланысты.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

16.08.2018

Астанада «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті

16.08.2018

Астана хабы Корея Республикасымен ынтымақтастықты нығайтуда

16.08.2018

Қаралы көктем.1953 жыл, наурыз

16.08.2018

Жакартада еліміздің мемлекеттік туы ресми түрде көтерілді

16.08.2018

Алматыда Батырхан Шүкеновтың атына көше берілді

16.08.2018

Кәсіпкерлер «Менің мектебім» жобасы­н қар­жыландырады

16.08.2018

Қуат Тумабаев Өскемен әкімі қызметінен кетті

16.08.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы аясында 126 іс-шара атқарылды

16.08.2018

Зарема ШӘУКЕНОВА: Каспий теңізі айрықша мәртебеге ие болды

16.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құ­­қық­тық мәртебесі туралы кон­вен­цияға қол қойылуын құптайды

16.08.2018

Зүлфия АМАНЖОЛОВА: Каспий конвенциясы – тұрақтылық пен орнықты даму кепілі

16.08.2018

«100 жаңа есім» жобасы тамыздан бастап өзінің екінші кезеңін бастайды

16.08.2018

Бизнес үшін GSP-ның артықшылықтары көп

16.08.2018

Астанада cпорт күніне арналған жиын өтті

16.08.2018

Astra: жол ақысын төлеудің жаңа электронды жүйесі, тарифтері және жеңілдіктер

16.08.2018

Ақ желеңділерге «алғыс» алуға болмайды

16.08.2018

Маңғыстаудың мақсаты – мұнайсыз даму жолымен көркейе түсу

16.08.2018

Қызылордада кәсіпкерлер көбейіп келеді

16.08.2018

Генуядағы көпірдің құлауына кінәлілер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу