Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

«Рухани қазына» фестивалінің үздіктері анықталды

682 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елорда төрінде өтіп жатқан «Рухани қазына» фестивалінің екінші күні, сала үздіктері анықталып, өз ісінің маман қызметкерлері мен жұмысын табысты атқарып отырған мекемелерді марапаттау рәсімі болды.

«Рухани қазына» фестивалінің үздіктері анықталды

Осы орайда, «Үздік облыс һәм аудан (қала) музейі және қызметкері» номинациясы бойынша 53, тағы бір аталым – «Үздік облыс һәм аудан (қала) кі­тапханасы және қызметкері» бойын­ша 61 үміткер сайысқа түскен еді. 

Кеше Ұлттық музейде жоға­ры­дағы мәдениет бәйге­сі­нен үздік шыққандарды марапаттау рәсімі өтті. «Үздік облыстық му­зей» аталымына Алматы қа­ла­­сындағы Ы.Дүкенұлы атын­дағы музыкалық аспаптар му­зейі мен Маңғыстау облыс­тық тарихи-өлкетану музейі ие болса, екінші аталым «Үздік аудандық (қалалық) музей» мәртебесін Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлке­тану музейі жеңіп алды.

Үшінші аталым «Үздік облыс­тық музей қызметкері» ата­ғына Жамбыл облыстық та­ри­хи-өлкетану музейінің қыз­мет­кері Жұлдыз Алманқұлова мен Қостанай облыстық тари­хи-өлкетану музейінің қыз­мет­кері Нәзима Оташева лай­ық деп танылса, «Үздік аудан­дық (қалалық) музей» ата­ғы Ақмола облысы Ілияс Есен­бер­лин атындағы әдеби музейге бұй­ырды. 

Келесі «Үздік облыстық кі­тап­­хана» аталымына Пушкин атын­дағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, «Үздік аудан­дық (қалалық) кітап­ха­на» мерейіне Павлодар облы­сы Шарбақты ауданының орта­лық­тан­дырылған кітапханалар жү­йе­сі мен Ақтөбе облысы Ыр­­ғыз аудандық орталық­тан­ды­­­рыл­ған кітапхана жүйесі ие бол­ды. 

Соңғы аталым «Үздік ауыл­дық кітапхана» жүлдесіне Сол­­түстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы, Қара­қо­ға ауылдық кі­тап­ха­на­сы, «Үз­дік облыстық кіта­п­хана қыз­мет­кері» атағына Қарағанды об­лыстық әмбебап ғы­лыми кі­тап­хана қызметкері Қайрат Рахим мен Астана қала­сы Орта­лық­тандырылған кітап­ха­­налар жүйесінің қызметкері Сәуле Рахметова қол жеткізсе, «Үздік ауылдық кітапхана қыз­­меткері» атағы Оңтүстік Қазақ­с­­тан облысы, Төле би аудан­дық Қайнар ауылдық кі­тап­хананың кітапханашысы Нұр­жа­мал Шажалықызы мен Қы­зыл­ор­да облысы Шиелі ауда­ны орта­лық­тандырылған кі­тапхана кі­тап­ханашысы Дүй­сен­күл Шомановаға бұйы­рды.  

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан