Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Алматыда дәстүрлі «Фа­раби оқулары» өтті

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Елбасының «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екі апта бойы дәстүрлі халықаралық «Фа­раби оқулары» өтті. 

Алматыда дәстүрлі «Фа­раби оқулары» өтті

Соның ая­­сында студенттер мен жас ға­­лымдардың ғылыми-прак­ти­­калық «Фараби әлемі» конференциясы жалғасын тапты. Конференцияға 6000-нан аса отандық және шетелдік зерт­теу­шілер қатысты. Қаты­су­шы­лардың арасында АҚШ, Гер­мания, Түркия, Үндістан, Жапония және ТМД елдерінің 180-нен астам өкілі болды. Кон­фе­­ренция жұмысы барысында әр­­түрлі шеберлік сағаттары, дөң­­гелек үстелдер өткізілді жә­не баяндамалар тыңдалды. Кон­фе­ренция аясында факультет­тер­де 100-ден аса секция жұмыс істеді. 

Өз кезегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­­ситетінің Халықаралық қатынастар фа­культетінің дип­ло­матиялық аударма кафедрасы «Аударма және мәдениаралық қарым-қаты­нас­­тар­дың өзекті мә­селелері» және «Қазіргі әлем­дегі тіл және мәдениет БҰҰ тіл­дері» секциялары бойынша жұ­мыс жасады. Конференцияға Қаз­ҰУ, Сүлеймен Демирел уни­вер­ситеті және І.Жан­сүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенттері қа­тысып баяндамалар жа­сады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» атты бағ­дар­ламасында қоғамдық және гу­ма­нитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық бі­лім. Қазақ тіліндегі 100 жа­ңа оқулық» жобасы туралы «Біз алдағы бірнеше жылда гу­ма­нитарлық білімнің барлық ба­ғыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз» деген болатын. Осы орайда университетте өткен конференция барысында аударма мәселелеріне және шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерге айрықша назар аударылды. Конференцияны қорытындылай келе, үздік деген баяндамаларға жүлделі орын дипломдары, ал қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. 1-орынды С.Демирел университетінің 3-курс студенті Меруерт Мукташева (жетекшісі PhD, доцент Алтыншаш Құр­манәлі), 2-орынды ҚазҰУ-дің 2-курс студенті Татьяна Куа­глио (жетекшісі Раушан Мат­керимова) және Жетісу мем­лекеттік университетінің 3-курс студенті Аня Идигова (же­тек­шісі филология ғылым­да­рының кандидаты, про­фессор С.Машанова), 3-орынды ҚазҰУ-дің 1-курс магис­транты Айымгүл Маже­но­­ва (жетекшісі филология ғы­лымдарының кандидаты, до­цент А.Бақытов) иеленді. Аталған конференция студенттер мен жас ға­лым­дар үшін өте пай­далы бол­­ды. Болашақта бұл дәс­түр­­дің жал­ға­сын табатынына се­нім­ді­міз.

Алмаш СЕЙДИКЕНОВА,
филология ғылымдарының кандидаты,

доцент дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі,
Алма МҰРТАЗА,
аға оқытушы