Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Ақтаудағы «Оңалту және әлеуметтендіру орталығына» жаңа ғимарат қажет

1078 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 2018 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша 24 238 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Оның ішінде 5 мыңға жуығының тірек-қимыл аппараты бұзылған.

Ақтаудағы «Оңалту және әлеуметтендіру орталығына» жаңа ғимарат қажет

Ақтау қаласында  Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты  «Оңалту және  әлеуметтендіру  орталығы» 2017 жылы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің жағдайларын жақсарту бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында құрылды.  Орталық Ақтау қаласы 35 ш/а жалпы аумағы 281,9 м2 құрайтын ғимаратта орналасқан.  2018 жыл басынан бері жартылай стационарлық жағдайда арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған 78 қызмет алушыға 20 күн арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда оңалту орталығы Германияда жасалған жалпы соммасы 90 млг теңге көлеміндегі қаржыны құрайтын 3 оңалту тренажерымен қамтамасыз етілген.

-Орталықта  жылына 240 адам оңалтудан өтеді.  Жұмыс тиімділігін арттыру үшін жалпы сомасы 30 146 800 теңге құрайтын оңалту орталығына тағы төрт тренажер сатып алу қажет. Сондай-ақ, 50 адамға  қызмет көрсету үшін, жаңа кемінде 1000 шаршы метр ғимарат қажет. Осылайша, облыс көлеміндегі  аталмыш көмекке мұқтаждықты біраз еңеретін боламыз,  деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  «Оңалту және әлеуметтендіру орталығы» жаңа ғимаратына қажетті жабдықтарды сатып алу және туынадған мәселені шешуге тапсырма берді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы