Спорт • 24 Мамыр, 2018

Тайсонның қарсыласы белгілі болды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстың ауыр салмағындағы британиялық танымал боксшы Тайсон Фьюридің үлкен рингке оралғаннан кейінгі алғашқы қарсыласының есімі белгілі болды.

Тайсонның қарсыласы белгілі болды

Әлемнің ауыр салмақтағы экс-чемпионы 9 маусым күні Англияның Манчестер қаласында албаниялық Сефер Сеферимен жекпе-жек өткізетін болды. 39 жастағы Сефери бұған дейін 24 кездесу өткізіп 23 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Бір айқасында жеңіліп қалған.

Фьюридің еншісінде 25 кездесу және 25 жеңіс бар. Ол соңғы айқасын 2015 жылдың қараша айында Владимир Кличкоға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен-ді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»