Жаңаөзенде азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы алдын алу шаралары өтті
524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2018 жылы мамыр айының 17-18 күндері Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ азаматтық қорғаныс саласын тексеру барысында қалалық азаматтық қорғау қызметінің қатысуымен Маңғыстау облысы ТЖ департаменті өрт қаупі бар тексерілетін объектілерде ТЖ-дың алдын алу мақсатымен кешенді оқыту іс-шараларын өткізді.
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Г. Байжановтың төрағалығымен Азаматтық қорғаныс басшылығының құрамы, қалалық басқарма органдарының өкілдерінің қатысумен мәжіліс өткізіліп, қызметкерлерге азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралардың ертерек жүзеге асырылуы, ҚР заңнамаларындағы АҚ және ТЖ кезіндегі жағдайлардың алдын алуға ескерту және жою жүйесінің мақсаты мен бағытына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқыту басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Байжанов өткізілген кешенді оқыту іс-шарасына оң бағасын берді.