Осыған орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар мен студенттерді қазақ тіліне аударылған 18 оқулықпен таныстыру шарасы өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.
Университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Бисенов оқулықтар білім саласындағы жаһандық бәсекеге бейімделген мамандарды даярлауда маңызы зор екендігін айтты.
Жиында ф.ғ.к., профессор А.Абасілов «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», «Тіл біліміне кіріспе», э.ғ.к., Н.Құлмырзаев «Төртінші индустриялық революция», с.ғ.к., С.Сахиев «Әлеуметтану теориясы», «Әлеуметтану негіздері», э.ғ.к., М.Өмірзақова «Экономика» оқулықтары бойынша пікір-көзқарастарын білдіріп, олардың білікті кадрлар даярлауға жәрдемдесетіндігін айтты.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасына 3540 дана кітап жеткізілді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»