Медицина • 25 Мамыр, 2018

Дархан Кәлетаев пен Бауыржан Байбек азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласында азаматтық қоғам институттарын дамыту жөніндегі «Белсендi мегаполис» Жол картасына қол қойды. Құжат Алматы қаласында өткен Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында бекітілді.  

Дархан Кәлетаев пен Бауыржан Байбек азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды

«Бүгін біз Алматы қаласында азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша «Белсендi мегаполис» жол картасына қол қойдық. Бұл құжат Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі арасында азаматтық қоғам, дін және жастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың озық тәжірибесін, формалары мен тетіктерін пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді», - деді Дархан Кәлетаев.

Жол картасы бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді. Атап айтқанда, азаматтық қоғам саласы бойынша  Алматы қаласында Азаматтық орталықтың ашылуы, ҮЕҰ өкілдеріне арналған оқыту семинарлары мен әлеуметтік зерттеулер өткізу, Азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі «U38» университтер Альянсымен ынтымақтастықты бекіту сияқты шаралар жоспарланған.

Дін саласында Алматы қаласының имамдары үшін оқу курстарын өткізу, республикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеу жоспарлануда. Бұдан бөлек, жастар саясаты саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар форумын өткізу, волонтерлердің республикалық слетін ұйымдастыру сияқты іс-шаралар қамтылды.  

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысқанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Сондай-ақ, министрдің «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетіне баруы және Алматы қаласының  үкіметтік емес ұйымдарының басшыларымен кездесуі жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар