Қазақстан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Әзербайжан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов бастады. Кездесу барысында басты назар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 2-3 сәуірдегі Әзербайжанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізген уағдаластықтарын жүзеге асыру мәселелеріне салынды.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты, көпжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Келіссөздердің қорытындылары бойынша екіжақты консультациялардың жүйелі түрде өтуінің маңыздылығы аталып өтті.