10 Желтоқсан, 2011

«Болашақ» сыйлаған балабақшалар

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр және Қосшы ауылдарында заманауи балалар бақшасы аш­ылды. Осы игі шаралардың ашылу салтанатына қатыс­қан облыс әкімі Сергей Дьяченко жұртшылықты қуа­нышқа бөлеген нысандар Елбасының Астанаға іргелес елді мекендерді дамыту жөніндегі кешенді бағдар­ла­масына сай салынғандығын атап өтті. Қабанбай батыр ауылы тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз ететін 320 орындық «Балауса» бал­­­ғындар ұясы республикалық бюджет қаржысымен бой көтерді. Мұнда әрқайсысында 20 баладан жинақталған 16 топ қазақ және орыс тілдерінде тәлім алатын бола­­­­ды. Сондай-ақ, жаңа нысанның пайдалануға берілуімен 70 жұмыс орны құрылып отырғаны да маңызды. Қабанбайлықтар барлық қолайлылық қарасты­рыл­­­ған балабақшаны Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында тарту еткен Темір Дәулетов жетекшілігіндегі «ТМZ» ЖШС ұжымына алғыстарын жаудырды. Қосшы ауылының тұрғындары да «Бизнестің әлеу­­мет­тік жауапкершілігі» қозғалысының сыйлығына риза көңіл­­дерін білдірді. Жергілікті кәсіпкер Есмағзам Қо­жах­метов аумағы 400 шаршы метрлік коттедж үл­гі­­сіндегі әсем «Әмина» балабақшасын өз қаражатына тұрғызды. Жекеменшік бақша жиырма адамды жұмыспен қамтып отыр. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.