Одан басқа, бот негізгі валюталардың (АҚШ доллары, еуро, рубль) ағымдағы бағамын хабарлайды, сонымен қатар жол қозғалысы ережесінің бұзылуына қатысты айыппұлдың бар-жоғын тексеріп, БЖЗҚ ұялы қосымшасын жүктеуге сілтеме жасайды. Алдағы уақытта боттың көрсететін қызметін кеңейтіп, барынша пайдалы және ыңғайлы ету жоспарлануда.
Аталған қызметтерді пайдалану үшін ботты мессенджерге қосу керек. Бұл үшін іздеу жолағына «enpfbot» атауы енгізіледі. Алғаш іске қосқанда пайдаланушыларға қызмет көрсету тілі ретінде мемлекеттік немесе орыс тілін таңдау ұсынылады. Кейін оны негізгі мәзірде ауыстыруға болады.
Еске сала кету керек, өткен жылдың сәуір айында Қор Telegram мессенджерінде ресми @enpfkz арнасын іске қосқан-ды. Оған жазылған пайдаланушы Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттар ала алады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ