Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

Ақтаудағы мектепте IT-сынып ашылды

692 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы №23 мек­тептегі IT-сыныптың ашылуы оқу­шы­лардың соңғы қоңы­рау күні­не тұспа-тұс келді. 

Ақтаудағы мектепте IT-сынып ашылды

С­ынып­тың тұсаукесеріне Маң­ғыстау облысы әкімінің орынба­сары Руслан Сәкеев, білім басқар­масы басшысы Нұрлыбек Қой­жанов, «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалы төрағасының орын­басары Нұри Тұмышев, «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы төр­ағасының орынбасары Қалиолла Сахипов қатысты.

IT-сыныпқа кірмес бұрын облыс әкімі­нің орынбасары бастаған топ №23 мектеп оқушылары әзірлеген концерттік бағ­дар­ламаны тамаша­лап, сөз сөйледі. Руслан Кенес­ары­­ұлы мектеп түлектеріне сәт­ті­лік тілеп, балаларды соңғы қо­ңы­­рау күні­мен құттықтады. Өз сөзін­де мектепке келген­дегі мақ­са­ты­на, яғни облыста ашылып жат­қан IT-сыныптары жөнінде айтып кетті.

– Жаңа оқу жылына мектептерде IT-сыныптарын көптеп ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып отырған «Нұр Отан» партиясының жаңа жобасы. Бұл жобалар әрине, біздің ата-аналардың қолдауынсыз жүр­мейді. Сондықтан жас­тарды ең­бекке, тәрбиеге, ғылымға, елі­міз­дің дамуына үлес қосуға шақы­рамыз. Атқарылып жатқан іс-шара­лардан сіздер хабардар болу­ларыңыз керек, – деді әкімнің орынбасары.

№23 орта мектептің директоры Зарифа Казиева IT-сыныптардың ашылуына себепкер болып отырған «Нұр Отан» партиясына алғысын айтып, IT-сыныппен таныстырды. Сыныпта компьютерлермен қатар, робот-техника да бар. Балалар Python бағдарламасын енді үйренеді, әзірге олар Scratch бағдарламасымен жұмыс істеп үйренуде. Бесінші сынып оқушылары Ілияс Сексимбаев пен Арсен Төкенов келген қонақтарға өздері меңгерген бағдарламасы бойынша құрастырған ойындарын таныс­тырды.

З.Қазиқызы балаларды Жамбыл облысынан шақыр­тылып, арнайы жатақ­хана­мен қамтамасыз етілген Альбина Самигулова есімді мұғалімнің оқыта­тындығын айтты.

– Әкімдікке Жамбыл облысынан ал­дырған мұғалімді жатақ­ханамен қам­та­­масыз еткендігі үшін алғысымды біл­діремін. Бізге осындай мамандар қажет. «Нұр Отан» партиясының осындай жаңа­шыл бастамасымен білім саласына қо­сып отырған үлесі үшін алғысымды білдіремін, – деді ол.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»