Күрес • 29 Мамыр, 2018

«Ақмола барысы» анықталды

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Бурабай ауданында қазақ күресінен «Ақмола барысы» турнирі өтті. Айтулы жарысқа 17 аудан мен екі қаладан 28 балуан қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

«Ақмола барысы» анықталды

Нәтижесінде үшінші орын үшін ағалы-інілі балуандар боз кілемде жолықты, алайда ол екеуі де белдесуден бас тартты. Сөйтіп Целиноград ауданынан келген Бекбол Нұрланұлы Ерейментауда тұратын өз бауыры Ербол Нұрланұлына жолын берді. 

Ақкөл ауданының тумасы Қайрат Махтин екінші орынды місе тұтса, Мереке Тұ­ра­шев (Көкшетау) турнир  жеңім­пазы атанды. Сөйтіп ол «Ақмола барысы» турниріне тігілген жеңіл автокөлік кілтіне ие болды. 

Бірінші және екін­ші орын алған балуандар шіл­де айында Астанада өте­тін «Қазақстан барысы» тур­нирінде бақ сынайтын болады.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы