13 Ақпан, 2010

СЕМЕЙДІҢ “ТРЕТЬЯКОВКАСЫ”

1093 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Ерке Ертіс жағасындағы кемі мың жылдық тарихы бар, көне де қасиетті Семей мұражайдан кенде емес. Әрі- бері­ден соң еліміз бо­йын­ша алғашқы тарихи- өлкетану мұражайы 1883 жылы осында ашылған. Ерке Ертіс жағасындағы кемі мың жылдық тарихы бар, көне де қасиетті Семей мұражайдан кенде емес. Әрі- бері­ден соң еліміз бо­йын­ша алғашқы тарихи- өлкетану мұражайы 1883 жылы осында ашылған. Қырда жатқан хакім Абай оның ашылуына мұрындық болу­мен бірге, одан ке­йін­гі жұмы­сына да қызу атсалысып, аяғына енді тұра бастаған мұра­жайға өз қолы­мен халқымыздың асыл мұралары болып табылатын алпыстан астам дүниелік өткізген. Ал енді мына қызықты қара­ңыз. Яғни, содан жүз жылдан енді асқанда, нақтылап айтсақ 1985 жыл­­­дың желтоқсан айында жоға­ры­да аталған тарихи- өлкетану мұ­ра­­жайы жанынан ғылыми көркем­өнер бөлімі ресми түрде ашылады. Соған орай, “Қазақстан бейнелеу өнері” деген тақырыппен көрме ұйымдастырылады. Сонда осы көрмеге қойылған еліміздің ең таң­даулы деген суретшілерінің туын­ды­ларына семейлік өнер жанашыр­лары ерекше қызығушылық таныт­қаны да рас. Алайда, бөлім қызметкерлері тек сонымен қанағат тұтып, қол қусырып отыра беруді жөн көрме­ген. Сөйтіп, бұлардың сол кездегі одақ бойынша тынымсыз ізденіс­тері нәтижесінде бөлім қоры бір­тін­деп арта түскен. Енді бұлар Мәс­­кеуде тұратын белгілі коллек­цио­нер Юлий Владимирович Нев­зоров­қа шығуды ойластыра баста­ған. Ең алдымен оған шағын мұра­жайдың басшысы Татьяна Алек­сандров­­на­ның атынан өтініш хат жолданады. Ал оған белгілі кол­лекционер елп ете қоймаған соң, енді оның атына сол кездегі қала бас­шысы мен об­лыс­тық мәде­ниет бас­қар­масы бастығы­ның атынан екі бірдей хат және жөнелтіледі. Осы орайда, оқыр­ман­ға әлім­сақтан өнер жана­шырлары болып табыла­тын Невзоровтар әулеті тура­лы анықтама бере кеткеніміз жөн болар. Юлий Влади­миро­вичтің жиен атасы Петр Ивано­вич Нев­зо­ров Санкт-Петербург Им­пе­ратор­лық көркем­өнер ака­демиясын 1852 жылы бітір­ген. Ал 1858 жылы акаде­мик ата­нады. Оның жұ­мыс­­тары бүгінде Ресей мемле­кет­тік Третьяков гале­рея­­сында, басқа да мұражай­лар­да сақтаулы тұр. Ал мұның өз әкесі Владимир Иг­натье­­вич Невзоров болса, саяси көз­қара­сы үшін 1910 жылы Ир­кутскі­ге жер аударылған. Кейіннен Мәс­кеу­де Ішкі сауда халық комис­сариатын­да бас­қар­ма бастығы болып қыз­мет істеген. Юлий Вла­ди­мирович 1913 жылы сол Ир­кутскіде өмірге кел­ген. Маман­дығы жөнінен ин­же­нер-құры­лысшы. Ал Көкшетау жерін­­де өмірге келген оның жұбайы Анто­ни­на Ми­хайловна заманында Сібір жағында бір ауданның тізгінін қолын­да ұстаған, соңынан Иркутск облыстық мәде­ниет басқармасы­ның бастығы болып қызмет істеген. Екеуінің қыздары Юлия Мәскеу мем­лекеттік универ­ситетінің түлегі, өнертанушы. Яғни, ол да өнердің маңында. Сондай текті әулет бастапқыда бір қиырдағы семейліктерге сене қоймағаны да шындық. Соған орай, бұлардың оншақты хаттары жауап­сыз қалған.­ Бірақ, өнер десе ішкен асын жерге қоятын семей­ліктер алдыға қойған мақсаттарына жетпей, еш тыным таппайды. Ақыр соңы өз коллекциясын көрмеге қоюды ұната бермейтін Юлий Владимирович 1987 жылы Семейге үш жүз сурет алып келеді. Көрме бірден зор ұйым­шыл­­дық­пен және соған орай көрер­мен тарапынан ерекше ынтамен өткізіле бастайды. Коллекция иесі Мәскеуге қайтып кетіп, біраз уақыт­тан кейін оралса, семейлік­тердің көрмеге деген қызығу­шылығы артпаса, бәсеңсі­мегенін көреді. Сонсоң ешкімнің үгіттеп, өті­ніш білдіруінсіз-ақ әлгі үш жүз суреттің 125-ін енді қалыптаса бастаған болашақ мұражайға сыйға тартуды жөн санайды. Алайда, ойлана келген­де алып қайтатын суреттер мен сыйға тастап кететін суреттердің арасалмағы керісінше азая түседі. Ақыр соңында ол тек екі суретін ғана алып, бас­қасын басы бүтін Семейдің көркем­өнер бөліміне табыстайды. Қазірде мұнда Невзоровтар отбасы сыйла­ған өнер туындыларының жалпы саны – 569 болса, ал оның 177-сі кес­кіндеме жұмыстары болып табыла­ды. Юлий Владимирович алғашқы картинасына 17 жасында қол жет­кізген екен. Содан кейін- ақ сурет жинау оның ең сүйікті кәсібіне айналған. Кейінде өнертапқыш­тығы үшін қаламақыны аз алмапты. Бірақ соның бәрін дерлік осындай игілікті іске жұмсап отырған. Солар­дың ішінде Щедрин, Лебе­дев, Брюллов, Шишкин сынды атақты қылқалам шеберлерінің өлмес, өшпес туындылары бар. Жоғарыда Невзоровтардың ал­ғаш­қы суреттерін Семейге 1987 жылы алып келіп, оны түгелдей дер­лік осын­дағы көркемөнер бөлі­мі­не та­быс­тағанын айттық. Ал осыдан соң келер 1988 жылы атал­ған бөлім сол кездегі республика Министрлер Ке­ңесі­нің төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың қол қой­ған қаулысы негі­зінде бейнелеу өнері мұражайы деген мәртебеге ие болса, 1991 жылдан ресми түрде Невзоровтар отбасы атындағы бей­нелеу өнері мұражайы деп аталған. Арада төрт жылдан соң, нақ­тылап айтсақ 1995 жылы Ю.В.Нев­зоров Қазақстан мәдениетін дамытудағы ерекше үлесі үшін Ел­басы Жарлы­ғымен “Парасат” ордені­мен мара­пат­­­талған. Мұның сыртында оның осы жылдар аралы­ғында “Се­мей қаласы­ның құрметті аза­маты” атан­ғанын да айта кеткені­міз жөн болар. Айтты айтпады, содан бергі жерде мұражай өзгеріс, жаңалықтан кенде емес. Мәселен, ол осыдан оншақты жыл бұрын ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында бірінші гильдиялы көпес Федор Степанов тұрғызған тарихи ғимаратқа келіп жайғасты. Алғашқы күннен бастап мұражай қор жинақ­таумен жүйелі түрде айналысып ке­ле­ді. Соның нәти­­жесін­де мұражай қо­ры­на Мәс­кеу, Санкт-Петербург және Ал­маты­дағы жеке кол­лекциялардан әлсін әлі орыс, қазақ және ше­тел өнер туын­­ды­лары келіп түсу­де. Мұра­­жайдың жинақ­тау қыз­метінде, әсіре­се Қазақ­стан бей­нелеу өнері­нің кол­лек­циясы ерекше орын алады. Мұн­да­ғы­лар еліміздің жетек­ші суретшілері және өнер­танушы­лары­мен тығыз бай­ланыста. Соның нә­ти­­­жесі бо­лар, бүгінде мұ­ра­жай қо­рын­да бар­лығы 3600 өнер туын­дысы болса, соның бір мың экспо­наты өзіміз­­дің төл туын­дылары­мыз. Мұражай басшысы дағдарысты жағдайға қара­мастан сонау бір жылдағыдай жа­рық пен жылудан тарығып отыр­мағандық­­тарын айт­қан. Жалақы да уақытында қолға тиіп отыр. Тек оның мөлшері әлі де төмен. Жазға қарай оның көтері­летіндігін білмей отырған жоқ­пыз. Десе де, Үкімет осы мәселе­ге әлі де жеткілікті көңіл бөлмей отыр­ған секілді. Ал одан басқаға өкпе жоқ. Татьяна Александровна сөз со­ңын­да мұражайдың 25 жылдығына орай алдағы мамыр айында ғылыми-практикалық конференция өткізетін­дік­терін айтқан. Мұра­жай тарихына арналған суретті кітаптың тұсаукесері де сонда кесілмек. Бұл мерекелік шараға Мәс­кеуден Невзоровтар да ша­қырыл­мақ. Ал бүгінгі күндері осы текті әулеттің отағасы Юлий Вла­димировичтің жасы аз-кемі жоқ 97-ге толып отырған көрінеді. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,Семей.