Теннис • 30 Мамыр, 2018

Татьяна Николенко Азия чемпионатында қола медаль алды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Тайландта өткен Азия чемпионатында 14 жастағы талантты теннисші Татьяна Николенко айды аспанға шығарып, қола медальды қанжығасына байлады. Татьянаға демеушілік жасаған «Казцинк» серіктестігі.

Татьяна Николенко Азия чемпионатында қола медаль алды

Осыдан сегіз жыл бұрын «Казцинк» ЖШС-нің басшылары Өскемен қаласының маңынан заманауи талапқа сай «Smash» теннис кортын салып берген. Қазір мұнда бір мезгілде 250 бала жаттығады. 

– Татьяна талантты теннисші, ол ұзақ жылдар біздің орталықта жаттықты, қазір Алматы қаласында шеберлігін шыңдауда. Қазір Азия құрамасына іріктеу жүріп жатыр, құрамаға енгендер жаз айында Еуропа турниріне жолдама алмақ. Біз Татьянадан үміт күтеміз. Сонымен бірге теннис орталығында шеберлігін шыңдап жүрген басқа шәкірттеріміз де Қазақстанның атақ-абыройын асқақтата береді деген сенімдеміз, – дейді «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік жұмыстар жөніндегі директоры Андрей Павлович Лазарев.

Татьянаның әкесі Юрий Николенко де қызының байрақты бәсекелерде асығы алшысынан түсетініне бек сенімді.

Жарайсың, Татьяна!

Оңдасын ЕЛУБАЙ, 

журналист

Өскемен