Конференцияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибе жинаған тұлғалар мен ғалым-оқытушылар, мемлекеттік органдардың басшылары мен заңгер мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, азаматтық қоғам, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов конференция жұмысын ашық деп жариялап, Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттар мен міндеттерді айқындаған заңнамалардың тарихына тоқталып өтті.
Конференцияның алғы сөзінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жетекші партияның рөлі ерекше екендігін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов «Рухани жаңғыру аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында хабарлама жасады.
Медицина саласының ардагері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Маханов конференцияның тақырыбына сәйкес пікірін білдірсе, «Болашақ» университетінің оқытушысы Ы.Дулатов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» кафедрасының аға оқытушысы А.Муйденова «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жетілдірілуі» тақырыбында баяндамалар жасалды.
Конференция соңында тиісті ұсынымдар қабылданды.