Ақтауда Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жылдығы, Ақтау қаласының 55 жылдығы, елдің төрі Елордамыздың 20 жылдығына орай волейболдан жарыс өтті. Сайыс қорытындысында Маңғыстау ауданынан келген команда бірінші орын алса, екінші орын Жаңаөзен командасына бұйырды, ал үшінші орынды Түпқараған ауданы командасы иеленді.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, медальдармен марапатталды. Жеңімпаз волейбол шеберлері енді "Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл" толуына орай Павлодар қаласында өтетін республикалық жарыста Маңғыстаудың намысын қорғайды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы