«Келесі маусымда жұмыс істемеймін деген шешімге келдім. Команданың ары қарай жеңіске жеткені маңызды. Сондықтан жаңа тактика, аздаған өзгеріс керек. Бұл клубқа деген құрметім ерекше», – деді 45 жастағы Зидан арнайы ұйымдастырылған жиында.
Зизу «Реалдың» бас командасымен 2,5 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында үш мәрте Чемпиондар лигасында, 2 реттен клубтар арасындағы әлем чемпионатында, УЕФА Суперкубогында жеңіске жетті. Сонымен қатар ел чемпионы атанып, Испания Суперкубогын ұтып алды.