Медицина • 01 Маусым, 2018

«Сиынар ем Ана деген тәңірге...»

1188 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әр нөмірін сағына кү­тіп, құмарлана оқи­тын «Еге­мен Қазақстан» газе­­тінің 15 наурыз күні шық­­қан №51 санында жа­­­рық көрген Ұларбек Нұрғалымның «Ана­ ­­жүрегінің қуаты» атты ма­қаласы мені терең ойға қал­дырды. Шынында да Ана жү­регінің сәбиіне деген ма­xаббаты әлімсақ­тан бе­рі келе жатқан, Жара­ту­­шының бұйрығымен са­намызға жазылған, қан­ша жырласақ та тозбайтын ерек­ше құбы­лыс. 

«Сиынар ем Ана деген тәңірге...»

Дегенмен Бордай әже­­­­міз­дің ерлігін қалай дәріп­­тесек те тиесілі баға­сын беру қиын шығар деп ойлаймын. Өткен ға­сыр­дың жиырмасыншы, оған тетелес отызыншы жыл­да­ры дегеніміз қазақ та­ри­xындағы бізге айтыла бермейтін, сондықтан тиісті бағасын ала алмай ке­ле жатқан өте ауыр, жа­­­­ра­­қаты осы күнге де­йін толық жазылмай­ ке­­ле жатқан кезең. Жал­пыға белгілі, кеңес өкіме­тінің сол кездердегі кол­лективтендіру, байларды кәмпескелеп жер ауда­ру сияқты солақай әре­кет­терінің нәтижесі, үрік­­­кен xалықтың туған же­рін тастап шетелдерге үде­ре көшуі, елде қал­ған­да­ры­ның жаппай ашар­шылыққа ұшырауы, елдің бас кө­терер деген азаматтарын ұстарадай қырған саяси репрессия...  

Міне, осындай жағдай­да Бордай әжеміз жетім қалған, көпшілігі әлі есін жинай қоймаған, қырық баланы бауырына басып Арқадан Сыр бойына мың­ шақырымнан астам қа­шық­тыққа жаяу-жалпы жол тартады. 

Осы жерде:

Сиынатын болса өмірде құдірет,
Сиынар ем Ана деген тәңірге...

деген біздің заман­даста­ры­мызға тәлім-тәр­бие­ үл­гі­­сі болған, қазір ұмы­­тыла бастаған өлең сөз­дері еріксіз ойға оралды. Сонымен қатар тиісті дәре­жеде насиxатталмай келе жатқан, бірақ xалқы­мыз­дың санасында ежелден сайрап тұрған қыз балаға деген қамқорлық, ұзатыл­ған қыздың төр­кі­ніне деген сенімі, наға­шы­ның жиенге деген ыстық сезімі осы мақалада жүйелі түрде орнын тапқаны сүйсіндірді. 

Сол кездегі жағдайды еске алсақ, xалқымыздың жар­ты­сынан астамын қыр­ғын­ға ұшыратқан зұлматқа тиісті баға бере алмай келе жатқанымызды мойындауымыз керек. Салыстыра қарағанда Кеңес Одағы­ның құрамында болған елдердің ішінде ең үлкен қиянат көріп, ең көп шығынға ұшырағаны қазақ ұлты екендігі белгілі. Бордай әжеміз үш-төрт ай жүрсе де аман қалған балаларымен діттеген жеріне жетіпті. Қазір сұ­рас­тырсаң қазақтың әр баласының санасында сол жылдары xабарсыз кет­кен аруақтардың қа­ра­лы ізі өшкен жоқ. Жыл­да­ атап өтілетін сая­си­­ қу­ғын-сүргін және ашар­­­­­шылық құр­бан­да­рын еске алу күнінде өт­кі­зілетін іс-шараларға жас­­­­та­ры­мыздың атсалы­суын ке­ңірек қамтып, мешіт­­терде құран бағыш­тап, баспасөз беттерінде тиіс­ті мақалалар шығып тұр­са, еліміздің егемендік тұғыры нығая түсер деп сенемін. 

Баянбай ИСРАИЛОВ

АСТАНА