Кеше Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар Қауіпсіздік кеңесіне, ТМД Экономикалық сотына, зияткерлік меншік саласы және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысты заң жобаларын қабылдады.

Сенаторлар жан-жақты талқылаған «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы» Заңы Қауіпсіздік кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. Заң жобасы туралы негізгі баяндаманы Әділет министрі Марат Бекетаев жасады.
Құжатта қауіпсіздік кеңесінің ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган екендігі айтылған.
«Заң жобасы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес әзірленді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды. Осылайша, Қауіпсіздік кеңесін үйлестіруші конституциялық орган ретінде тану ұсынылады», деді М.Бекетаев.
Қауіпсіздік кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасы Президенті Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасымен келісе отырып қалыптастыруы ұсынылып отыр. Заңға сәйкес, Кеңестің негізгі міндеттеріне елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау кіреді.
Заң жобасы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қауіпсіздік кеңесінің құқықтық мәртебесі, қызмет негіздері, міндеттері және функциялары айқындалған. Екінші тарауда Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі, Қауіпсіздік кеңесінің қызметі белгіленген. Үшінші тарау Қауіпсіздік кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының қызметін қаржыландыру мәселелерін, заңның күшіне ену тәртібін реттейді.
«Қауіпсіздік кеңесі Төрағасына келесі өкілеттіктерді бекіту ұсынылады: Қауіпсіздік кеңесінің қызметін басқаруды жүзеге асыру; оның отырыстары мен жедел кеңестерін шақыру; Қауіпсіздік кеңесі туралы ережені бекіту; заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Қауіпсіздік кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасына бағынатын және есеп беретін Қауіпсіздік кеңесінің Аппараты жүзеге асырады», деп түсіндірді М.Бекетаев.
Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Бұл заңмен еліміздің Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» және «Құқықтық актілер туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
Атап айтқанда, Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Аппаратына стратегиялық жоспарлар әзірлеу туралы талап қойылмайтыны жөнінде толықтыру енгізу көзделіп отыр.
«Құқықтық актілер туралы» заңға Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының актілері нормативтік құқықтық актілер сатысынан тыс тұратынын көздейтін толықтыру енгізіледі.
Сонымен қатар Палата «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Аталған құжат жөнінде Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады.
Хаттама ТМД Экономикалық сотының қызметін «ad hoc» кағидаты бойынша жаңа жұмыс icтey сипатына көшіру арқылы жетілдіру мақсатында әзірленген болатын. Бұл жұмыс icтey сипаты тұрақты негіздегі Сот төрағасын қоспағанда, судьялардың нақты дауды қарау кезіндегі қызметін ғана көздейді.
Мұндай жұмыс сипаты Экономикалық Сотты күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды қысқартуға мүмкіндік береді, бұл ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаражатты тиімді пайдалануға әкеледі.
«Хаттама келісімге және ұйым туралы ережеге түзетулер енгізуді қарастырады. Құжат ТМД Сотының жүктемесі аз болғанына байланысты оны реформалауға бағытталған. Оның жаңашылдығы – ТМД Сотын «ad hoc» қағидаты бойынша жаңа жұмыс форматына ауыстыру. Хаттама бойынша қатысушы мемлекеттер судьяларды өздері анықтайды және олардың деректерін бірыңғай тізіміне қосу үшін ТМД Сотына жолдайды. Нақты істерді қарауға арнайы үш судьядан тұратын палата құрылады», деді ведомство басшысы.
Бұдан бөлек, палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Бұл құжаттың мақсаты зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, зияткерлік меншік нысандарын тіркеу рәсімдерін оңайлату, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әкімшілік кедергілер туындайтын ережелерді алып тастау болып табылады.
Сондай-ақ жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қабылданды.
Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, уәкілетті органға мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдардың тізбесін оңтайландыру арқылы жетілдіру.
Жалпы отырыстан кейін Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров «Қауіпсіздік кеңесі туралы» Заң жөнінде брифинг өткізді. Жиын барысында Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік басқарудағы құзыреті түсіндірілді.
«Қабылданған заң Қауіпсіздік кеңесінің жұмысына нақты әрі тұрақты бағыт береді. Елбасы ел өміріндегі тарихи миссиясына байланысты, Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болып отыр», деді Б.Бекназаров.
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар