10 Желтоқсан, 2011

Тамаша ғимаратпен танысты

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Изумрудный квартал» әкімшілік кешенінде болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жаңа әкімшілік кешені Сулы-жасыл бульварда орналасқан. Кешен ғимаратының биіктігі – 37 және 45 қабат. Жалпы аумағы – 112 330 шаршы метр. Әкімшілік орталығы қаланың іскерлік өмі­рінің барлық заманауи талап­та­ры­на жауап береді. Онда жайлы кеңселер мен көлік қоюға қо­лай­лы орындар бар, мөлдір қабыр­ға­лар мен шатырлары жарықты жақсы қабылдайды, үш қабатты кеңістікті фойе толтырып тұр. Жа­ңа бизнес-орталықта бір мезгілде 15 мыңнан астам адам жұ­мыс істей алады. «Изумрудный квартал» құрылысына жаңа технологиялар пайдаланылған. Ны­санның архитектурасы көптеген бірегей ерекшеліктерге ие 32 қа­бат­тан бастап, әр қабаттың ауда­ны ұлғая түседі, жоғары бөлігі 15 метрге ауытқыған ассиметрия­лық ғимаратқа айналады.