Бұл шараға республикалық Достық үйінің өкілдері, еліміздегі түрлі этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, «Кемел» әскери-патриоттық қозғалысының белсенділері және осы қалада орналасқан басқа да ұйымдардың мүшелері қатысты. Кәмілет жасқа толмаған балалардың бейімделу орталығы тәрбиеленушілерін осы мерейлі күнмен құттықтаған олар Отан мен патриоттық тәрбие, бейбітшілік пен тұрақтылық, халықтар достығы мен ынтымақтастығы, Бірлік пен татулық, ғылым мен білім, спорт пен салауатты өмір салты тақырыбы төңірегінде тартымды әңгімелердің тиегін ағытты.
Шара соңында жоғарыда аталған ұйым өкілдері аталмыш орталыққа түрлі сылықтар тарту етіп, жекпе-жек шеберлері өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар балалар тәтті тағамнан ауыз тиді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
АЛМАТЫ