12 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздіктің тарихи тұжырымдамасы

455 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Біз Қазақстан Респуб­ли­касы Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы ту­ра­лы Декларация қа­был­дадық! Ел тәуелсіздігінің қасиеті мен бағасын сезіне алған әркім бұл Дек­ларацияның қажеттілігін де, құндылығын да жан жүрегімен түй­­сіне алатыны хақ. Жиырма жыл­дық тарихы бар тәуелсіз Қа­зақ­станның екі он жылдықтағы та­бысты кезеңіне, құтты болған қадамына саяси баға беру ар­қы­лы Парламент Сенаты барлық қа­зақ­стан­дықтар мен әлемдік қоға­м­дас­тықтың айтып жүрген ой-пі­кірлерінің, беріп отырған ба­ға­ларының тарихи қоры­тын­дысы мен тұжы­рым­да­ма­сын жасады деуге әбден болады. Бұл жиырма жыл – Қа­зақ­­стан Республикасының Тұң­­ғыш Пре­зиденті Нұр­сұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаевтың «Енді біз­дің ел атқа қонады, дүйім дү­ние­нің қандай дүбірлі до­да­сына да тайсалмай түсіп, кім-кім­мен де жал­тақсыз жары­са­тын бола­ды», – дегенді тәуел­сіз­дігімізді жа­рия­­ла­ған тоқ­са­ныншы жылдары, ке­ңес­тік жүйе­нің ыдыраған дәуі­рі­нің аласа­пы­ранды да аумалы-төк­пелі кезеңінде нартәуекел үміт­пен жас­қанбай айта біліп, тарихтың аса қысқа мерзімінде Қазақ елін эко­но­микасы қуат­ты, әлеуеті жо­ға­ры әлемнің да­мыған өркениетті ел­дері­нің қа­тарына қо­са алған дана­лығы мен дара­лығының, кемелділігі мен ке­мең­герлігінің белгісі, ерлігі мен өр­лі­гінің жеңісі! Бұл жиырма жыл – Елбасы­ның ХХ ғасырдың тауқыметі мен қасі­ре­тін де, түрлі зардабы мен нәу­бәтін де көп тартқан туған хал­қым­ды алуан-алуан асулардан аман алып өтсем екен, сол туған елімді ХХІ ғасырдың, жаңа дәуір­­дің жақ­сылығына ілестіріп жіберсем екен деген бір ғана арман-мүдде толған­дырған, осы бір ой­лар ғана маза­сыз­дан­дыр­ған, «дү­ние­де тәуелсіз менің қа­зақ елім бар» дегенді айта жүріп, жол жү­ріп, аспан ұшып, құр­лық аралап, континенттер кезген қа­йырлы са­пары, алаң көңіл­мен м­а­за­сыз күн кешіп, түн ұйқы­сын төрт бөліп, өз халқына адал қыз­мет етіп, перзенттік те президенттік те па­ры­зын адал атқарып жүзеге асыра білген Ердің арманы! Бұл жиырма жыл – кешегі «ақ­та­бан шұбырынды, алқакөл сұ­ламада» ұлы құл, қызы күң бо­лып «елім-айлап» шұбырып зар­ла­ған елдің, халқымды отырық­шы ел қыла алмадым, қала салып бере алмадым деген хан Абы­лай­дың, төңкерістің тауқыметін тар­тып, ақтар келіп атын алған, қы­зыл­дар келіп намысын қорлаған шарасыз елдің, «асыра сілтеу бол­­масын, аша тұяқ қалмасын» деп ұран сала жүріп қолдан жа­салған ашаршылықты көрген қай­мана қазақтың, дербес билігін ала алмай, азатты ел бола алмай, қара бастары айдауға түсіп, ха­лық жауы деген жаламен құрбан бо­лып кете барған ерлердің зар мұң­д­ы көз жастарының игені, Тәңірдің жарылқағаны! Бұл жиырма жыл – өзіміз өз, еліміз ел болғалы өз еркімізбен, өз таңдау қалауымызбен, Ел­ба­сы­ның ел болашағын кеңі­нен пішіп, тәуелсіздігіміздің та­мы­ры тереңі­нен тартсын, сол тәуел­сіз елдің ір­ге­тасын халқым өз қолымен қа­лап, уығын да өзі тіксін, ша­ңы­ра­ғын да өзі көтер­сін, сөйтіп, қазақ деген елдің қолынан бәрі де келетіндігін дүние жұрты білсін деген ізгі бір кемел ойлы арман-мүд­де­мен ұлан-ғайыр ұлы дала­ның ұлы өзегі Есілдің бойына ел қонды­рып, таңданбасты таңдан­дырып, тамсанбасты тамсан­ды­рып сая­лы да аялы Бәйтерегі бар, әлемге айбын, өз жұртына айдын Ақор­да­лы – Астана қаласын салып, елордамыз адамзат тіршілігі жа­ра­тылғаннан бе­­рі еш уа­қыт­та бір-бірімен қа­ра­ма-қарсы оты­рып тілдесуді білмеген әлем­нің түр­лі дін­дері мен кон­фес­сия­лары жетекшілері мен өкіл­­дері­нің ба­сын қо­­сып келе жат­қан, Еу­ро­па­да­ғы қауіпсіздік жә­не ынты­мақ­тас­тық ұйымы­ның Саммитін бү­кіл мұ­сыл­ман, бүкіл түркі әле­мінде тұң­ғыш бо­лып өт­кізе ал­ған, Адамзатты жа­һан­дық қауіп пен қатерден сақ­тан­дырып, сол үшін түрлі ба­тыл да айқын ой айтып, нақ­тылы қадамдар жасап, Жер ша­рын мекен еткен бар­лық ха­лық­тар­дың үміт­­ті де ру­ха­ни ас­та­на­сына ай­нал­ды­рып, ас­қақтап, ас­қар биік­тік­тің шы­ңы­на шық­қан шағымыз. Бұл жиыр­ма жыл – Ел­басы мен өз елі­нің бірге жүріп өткен әрқилы кезеңдері мен өт­келдері, тар жол, тайғақ кешулері мен үмітті бо­лашаққа ұмтылыс­тары, алын­ған асулары мен шық­қан биіктері, жемісті жеңістері мен әлем ал­дындағы абыройлы белестері! Міне, Декларация тәуелсіз ел­дің бүгінгі және келер ұрпағына осы бір асқақ ойларды айтады. Сол ойды айту арқылы ел Тәуел­сіздігінен асқан құндылық жоқ екендігін мәлімдейді, Елбасының ерлігін әйгілейді, талай да талай бір шайқалар тұста да сыр бермеген ел бірлігін сақтауды аманат­тай­ды да, барлық қазақстан­дық­тарды сенімді болашаққа бағыт­тайды. Сол сенімді болашаққа де­ген халқымыздың айқын бағ­дары, ел дамуының межелі бағ­дар­ла­масы бар екендігін айтады. Бізде де айтар бар! Бізде де әлемге нұсқа боларлық үлгі мен өнегелі істер бар! Өйткені, біз тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерейтойына жаңа ғасырдағы бә­се­кеге қабілетті экономикаға негіз салып бере алатындай сүйсі­нер­­лік табыстармен келіп отырмыз! Декларацияда Қазақстан Рес­публикасының референдум өт­кі­зу арқылы қабылдаған Консти­ту­ция­сы еліміздің табысты дамуы­ның құқықтық іргетасы бола ал­ған­дығы атап көрсетіледі де, осы Конституцияның қабылдануымен егемендіктің саяси-құқықтық негіздері қаланып, адам, оның өмі­рі, құқы мен бостандығы ең жо­ға­ры құндылықтар болып таныл­ған­дығы мәлімделіп отыр. Қазақ­стан­дық қоғамның материалдық және рухани өмірін жаңғыртудың белгіленген стратегиялық мақсат­тары мен міндеттерін жүзеге асы­руға ықпал ететін қоғам мен мемлекетті ұйымдастырудың өзек­ті қа­ғи­даттары мен негізі бекітіліп, ол орнықтырылды. Саяси даму­дың ұлт­тық мүдделері мен әлем­дік үр­дістері ескерілген саяси құрылым­ның дербес үлгісі жа­салды. Елімізде конституциялық эво­л­ю­ц­иялар және құқықтық жүйені сатылап, кезең-кезеңімен рефор­малаудың нәтижесінде мемлекеттік биліктің теңгерімді және тиімді жүйесі қалыптастырылды да, ол мемлекеттік биліктің заң шы­­ға­рушы, атқарушы және сот тар­мақ­тарына бөліну қағи­дат­тарына сәй­кес жүзеге асырылып келеді. Президенттік институт мем­лекетті бас­қарудағы жүйе түзуші рөл атқа­ру­да. Республика Президенті Конс­ти­туцияның сенімді кепілі, елді жаң­ғыртудың бастамашысы және соны іске асы­рушысы бо­лып санала­тын­дығы жайында Декларация жол­дарында айқын ай­тылып отыр. Қазақстанның дамуы страте­гия­лық жоспарлар мен бағ­дар­ламалар негізінде жүзеге асы­ры­лып келе жатқандығы және де со­лардың ішінде барлық қазақ­стан­дықтардың өсіп-өркендеуін, қауіп­­сіздігі мен әл-ауқатын жақ­сартуды қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған «Қа­­зақ­стан-2030» пре­зиденттік Стра­тегия басты орын алып отыр­­ғандығына орынды ба­ға берілді. Елбасының Қазақ­стан­ның өзіндік даму жолын сәтті қалыптас­тас­тыра білуі біз­дің бар табыс­тары­мыздың басты бір кепілі болып отырғандығы да дау туғызбайтын күдіксіз ақи­қат. Сонан да болар ел дамуы­ның алға қойылған міндеттерін жоспарлы түрде және біртіндеп іске асыруға мүмкіндік беретін басты айқындықтары мен ба­сым­дықтары еліміздің бағдар­ла­ма­лық негіз құрайтын құжат­та­рын­да және Елбасының жыл са­йынғы Жолдауларында көрініс тауып келеді. Міне, осы жай­лар­дың да Декларацияда атап көр­сетілуінің негізінде ол тәуелсіз жиырма жылдың жинақталған тә­­­лімді де телімді тәжірибесінің бірі ретінде құнды құжатқа жазылды. Ел тәуелсіздігінің жиырма жыл­дығы туралы бұл Декла­рация­ны әзір­леу жөнінде құ­рыл­ған Парламенттік жұмыс то­бының бір мүше­сі ретінде ай­тарым, Елбасының егемен ел құ­рудағы, сол елді дү­ние жұр­ты­на танытудағы, ішкі тұ­рақ­тылықты сақтаудағы, жа­һан­­дық және өңір­лік қауіпсіздікті қам­тамасыз ету­дегі өлшеусіз ең­бегі мен тең­дессіз қызметін ай­қын­дап, анық баға беруде және осы тарихи құжаттың мазмұнды да мәнді болып әзірленуіне Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев пен Парламент Сенатының Төр­аға­сы Қайрат Мәмидің өмірлік мол тәжірибелері мен іскерлік­тері­нің зор ықпалы тигендігін айту­ды жөн санап отырмыз. Елбасымен ел болып, Ел­басы­мен дәйім жарасып мұратты мақ­сат­тарға жетіп, ойдағымыз орын­далып, көңіліміз толып, ын­тымағы­мыз жарасып, бірлігіміз нығайып, дәулетіміз мен әуле­ті­міз салтанат құрып отырған осы бір сәтте де тәуелсіздігіміздің қа­йы­рын сұрап, баяндылығын тілейік те, өткеніміз­ді ұмытпай, биікке самғар қыран қанатты, талмай шабар тұлпар тұяқ­ты қарқынмен үмітті бола­шақ­қа қарай ұмтыла берейік! Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.