Аймақтар • 04 Маусым, 2018

Юлия Галышеваға пәтер кілті тапсырылды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Өскеменде жалауы желбіреген ХХІ халықтық спорт ойындарының ашылу салтанатында Пхенчханда өткен қысқы Олимпия ойындарының қола жүлдегері, фристайлшы Юлия Галышеваға ерекше құрмет көрсетілді.

Юлия Галышеваға пәтер кілті тапсырылды

Оңтүстік Кореяда еліміз­дің абыройын асқақтатқан спортшыға облыс әкімі Даниал Ахметов бір бөлмелі пәтер, 16 миллион теңгенің сертификаты мен «Пежо» маркалы автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Ал қола жүлдегердің бап­кері Елена Круглыхина мен дүбірлі додаға қатысқан тағы бір фристайлшы Па­вел Колмаков қызметтік пәтер­дің кілттеріне ие болды. «Біздің облыстан көптеген республикалық және халық­аралық жарыстардың, Әлем чемпионаттары мен Олим­пия ойындарының жеңім­паздары, жүлдегерлері шық­қан. Олардың қатарында Ольга Рыпакова, Айбек Нұ­ғымаров, Денис Уланов пен Алексей Полторанин есімдерін ерекше атап өтуге болады. Өңірде бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Ай­мақ тұрғындарына үш мың­нан астам спорттық ны­сан мен секциялар қыз­мет көр­сетуде», деді Д.Ахметов.

Реті келгенде айта ке­тейік, облыс әкімінің жүл­де­сі cарапқа салын­ған ХХІ халықтық спорт ойындарының қоры­тын­дысында қалалар арасында Өскемен топ жарса, аудандар арасында Тарбағатай спортшылары қарсылас шақ келтірмеді.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН