Қазақстан • 04 Маусым, 2018

Астанада Open-Air шоу-концерті өтті

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балаларды қорғау күні қарсаңында елордада танымал отандық және ресейлік эс­трада өкілдерінің қа­ты­суымен Open-Air шоу-концерті өтті. Осылайша дәстүрлі шоу Астананың 20 жыл­дығына арналған мерекелік шаралардың шымылдығын ашты.

Астанада Open-Air шоу-концерті өтті

«Қазақ елі» монументі орналасқан алаңда өткен концертке дейін сахна жұл­дыздары қаланың әлеу­меттік мекемелеріндегі және ауыр сырқаттармен ауы­ратын балаларға барды. Аталған қайырымдылық акцияны Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырды. Атап айтқанда, әншілер Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкология бөлімінің пациенттерімен кездесіп, бүлдіршіндерге мықты денсаулық тіледі.

– Қандай керемет балалар! Бәріңізге жақсы көңіл күй тілеймін. Әр­дайым қуанып, шаттанып жүріңіздер. Барлық аурудан сауығып кетіңіздер, ата-аналарға шыдамдылық тілеймін, – деді ресейлік әнші Анна Семенович.

Шоу-бизнес өкілдеріне Ана мен бала ұлттық ғы­лыми орталығының директоры Расулбек Аипов бүлдіршіндердің атынан ал­ғыс айтты.

– Балама бір жас үш ай болды. Осында төрт айдан бері жатырмыз. Біз те­ледидардан ғана көре­тін жұлдыздардың қаты­суымен өтетін осындай ауқымды шараны алғаш рет көріп отырмыз. Ұй­ым­дастырушыларға риза­шылық білдіреміз. Бала­ларды қорғау күні қар­са­ңында балаларымыз ауыр­масын, тезірек сауы­ғып кетсін деймін, ал ата-ана­ларға шексіз шыдам­дылық пен күш-қуат тілей­мін, – деді кішкентай Виталийдің анасы Вера.

Дәл осы іспетті кездесу SOS Астана балалар ауы­лында, Балалар пси­хо­­неврологиялық меди­ци­налық-әлеуметтік меке­месінде де өтіп, Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұл­дыздары ән айтып, би билеп, балалардың көңі­лін көтерді және түрлі ойын­шықтар сыйлады.

«Егемен-ақпарат»