Аймақтар • 04 Маусым, 2018

Маңғыстауда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтті

79 реткөрсетілді

Маңғыстау облысында 2016-2018 жылдары өңірлік байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан мұнай-газ, энергетика, білім, ауылшаруашылық, өнер салаларынан құралған 109 отбасы өтінімдерін берді.

Маңғыстау облысы бойынша 2014 жылы Өңір намысын ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитетінің Вице-президенті, волейболдан ҚР бас бапкері Нұралы Құлышевтың отбасы қорғады.

2015 жылы облыс намысын қорғаған, 12 бала, 46 немере, 41 шөбере тәрбиелеп отырған бақытты отбасы Құлсариевтер облыстық және республикалық деңгейде конкурс жеңімпазы атанды.

2016 жылы Маңғыстау ауданынан «Құрмашевтар отбасы» жеңімпаз атанды. Құрмашев Алдаберген 48 жыл ұстаздық еткен, ҚР Білім беру ісінің үздігі.

2017 жылы жеңімпаз болып Түпқараған ауданының «Қанжановтар отбасы» Қанжанов Тәуірхан Ерен еңбегі үшін», «Ветеран труда» медальдарымен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Түпқараған ауданының құрметті азаматы

2018 жылы  байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан мұнай-газ, энергетика, білім, кәсіпкер, ауылшаруашылық, өнер салаларынан құралған 25 отбасы өтінімдерін берді.

Нәтижесінде ІІІ орын жеңімпазы болып Бейнеу ауданынан «Өміровтер отбасы» танылды.

Отағасы Өміров Өтепқали Жүндібайұлы 1956 жылы туылған. Зергер, Қазақ халқының дәстүрлі зергерлік өнерін, мүсін, көркемсурет, домбыра, би және сөз өнерін насихаттап, айналысуымен танымал кісі. «Маңғыстау облысының үздік кәсіпкері атағын  екі рет иеленген. «Үздік тауарлар» аймақтық көрме-конкурсының лауреаты. «Маңғыстау жұлдыздары» фестиваліның екі дүркін лауреаты, бірнеше дипломдар мен алғыс хаттармен марапаталған.

Жолдасы Есетова Айнахан Ығылманқызы Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газетінің Бейнеу ауданындағы  меншікті тілшісі. Бүгінгі таңда «Өмір сыры», «Олжашы шежіресі», «Ақжелең», «Арыстардың аты жетсін ұрпаққа», Маңғыстау ақын жазушылары кітапханасы сериясымен өлеңдер топтамасы, «Жыр маржаны» Қазақ поэзиясының антологиясы, «Бойтұмар», «Үстірт балладалары» кітаптарының авторы. Отбасында екі ұл мен бір қызы және бір немересі бар. Балаларының барлығы өнер–білім сайыстарының жеңімпазы.

ІІ орынды Маңғыстау ауданынан «Озғанбаевтар» отбасы иеленді.

Озғанбаев Төреәлі – 85 жастағы тыл ардагері, 40 жыл ұстаздық еткен дербес зейнеткер, СССР және Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі.

Ұстаздық еткен жылдарында, «В.И.Лениннің  туғанына - 100жыл» медалі, «Еңбек ардагері» медалі, Оқу ағарту ісінің үздігі медальдарымен марапатталған. Бүгінгі таңда білім берген Л.К.Қиынов сынды көптеген шәкірттерінің өзі халқына қызмет етіп зейнет жасына жеткен, абыз ұстаздың өнегелі үлгілі отбасы.

Жолдасы Қазтұрғанова Дәмежан ауыл шаруашылық саласында мал дәрігері болып қызмет атқарған. 2006 жылы 70 жасында өмірден озды. Бугінгі таңда 7 бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Балалары білікті мамандар. Отбасындағы балалары мен келіндерін есептегенде 8 білікті ұстаз бар. Төрт ұл және үш  қыздан 33 немеремен 19 шөбере сүйіп, қазақы отбасының нағыз бейнесін қалыптастырды.

І орын Қарақия ауданың «Көшеновтер» отбасына бұйырды.

Көшенұлы Тұрсынғали 1934 жылы Форт – Шевченко қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Баку институтын бітірген. Бұрғылаушы көмекшісінен бастап «МаңғышлақМұнайГазБарлау» трестінің басшысына дейін қызмет етті. Қарақия ауданынның Құрметті азаматы, ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, Енбек ардагері, В.И.Ленин 100 жылдығы, 1920-1970 ж.ж. ҚР 50 жылдығы, Қазақстан мұнайына 100 жыл, т.б., медальдарымен және грамота алғыс хаттармен марапаталған.

Жұбайы Жүсіпқызы Қаншайым Таущық ауруханасында қызмет атқарған. Отбасында 4 қыз және 2 ұлы бар олардан тараған  20 немере, бір шөбересі бар.

Бас жүлде жеңімпазы - Жаңаөзен қаласынан «Қалдамановтар отбасы».

Отағасы Қалдаманов Исенбай Әбейұлы 1968 жылы дүниеге келген. 2008 жылдан бастап «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжін ашып, қазіргі таңда колледж директоры қызметін атқаруда. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылы 75 балаға арналған «Каспий» балабақша ашқан, 2017 жылы «Каспий» зияткерлік мектебін ашып, бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласының 150-ге жуық бастауыш сынып оқушыларына білім беруде.

Қаладағы барлық қайырымдылық шараларына белсенді атсалысып келеді, соның ішінде жетім және жартылай жетім, мүжәлсіз отбасы және ауырған балаларға, дарынды жастарға түрлі деңгейдегі тұрғындарға көмегін беріп келеді. Сонымен қатар колледж студенттер арасында алты мүжәлсіз отбасының балаларыды колледж есебінен тегін білім алуда, осы үрдіс әрбір оқу жылы сайын өзінің жалғасын табуда.

2017 жылдың үздік кәсіпкері, ұлағатты ұстаз (тарих пәні бойынша), «Дауымшар батыр және оның ұрпақтары» кітабының жарыққа шығуына  атсалысқан, ҚР білім беру ісінің Үздігі, 2016 жылдың үздік кәсіпкері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы өткен облыстық «Туған жерге тағзым» меценаттар форумында «Үздік ұжым» атағын иеленді, меценат, Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты.

2018 жылы І Республикалық «Өрлеу» институтының ұйымдастыруымен «Үздік менеджер» байқауында «Үздік стратег» номинациясын жеңіп алды. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ұлттық ат спорт түрлерін  дамуына қосқан үлесі зор.

Жұбайы Раметулла Злиха Мақсутқызы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, ұлағатты ұстаз, жоғары санатты тәжірибелі білікті маман, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Отбасында екі ұл мен екі қызы және 5 немересі бар. Өнегелі үлгілі отбасы.

«Қалдамановтар отбасы» «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар