«Жыл басынан бері Қазақстанда менингит инфекциясын жұқтырған 58 науқас тіркелді. Олардың 18-і - 14 жасқа дейінгі балалар. Биылдан бастап аталған дерттен 12 адам көз жұмды, соның ішінде бесеуі 14 жасқа дейінгі жеткіншектер», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, менингитке шалдығудың ең жоғары көрсетіші 2015 жылы тіркелді. Айтуынша ол кезде 424 оқиға анықталған. Сонымен қатар 2016 жылы 120 науқас, ал 2017 жылы 62 науқас болды.
«Жыл сайын ауруға шалдыққандардың саны өзгеріп тұрады. 2013 жылы 18 науқас көз жұмды, 2014 жылы - 15, 2015 жылы - 21, 2016 жылы - 7, 2017 жылы - 11, сондай-ақ биыл минингиттен 12 адамның өмірі қиылды. Жалпы, осы жағдай басталғанда, ең бірінші науқас 30 сәуірде тіркелді. Біз қажетті эпидемиологиялық және медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстарын барша өңірлер бойынша қамтыдық. Өткен аптада менің бұйрығыммен арнайы республикалық штаб құрылды, сонымен қатар әр облыстың негізінде өңірлік штабтар да жасақталды», - деді Елжан Біртанов.