Аймақтар • 04 Маусым, 2018

Павлодарда жергілікті Ассамблеяның ХХІV сессиясы өтті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Достық үйінде өткен бұл шара «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталды.

Павлодарда жергілікті Ассамблеяның ХХІV сессиясы өтті

Этно-мәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатыстқан жиында облыс әкімі Болат Бақауов баяндама жасады.  Елбасы ұсынған 5 әлеуметтік бастаманың өңірде қалай жүзеге асырылатыны жайлы жаңа жоспарларымен бөлісті. Бұл күндері өңірінде 80-нен астам ұлт өкілдері өмір сүріп, еңбек етуде. Жалпы өңірде 27 этно-мәдени бірлестік, аудан-қалаларда 112- орталық құрылған.

Жиында сөз сөйлеген «Қазақстан Алюминий зауыты» АҚ-та жұмысшысы Қайрат Сәрсенов өндіріс орнында  15-тен астам ұлт өкілдері еңбек етіп жатқанын айтып өтті.

- Өткен жылы зауыттың 80 жұмысшы-қызметкерлері пәтер алды.Биыл  да Елбасы бастамасын қолдап, 120 пәтер берілмекші. Екінші бастама бойынша  4 767 000 теңге мөлшерінде ардагерлерге,зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсетілді. Биыл қайырымдылық шараға 2 872000 теңге жұмсалды, - дейді Қайрат Сәрсенов.

Сессия соңында облыстық жергілікті Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары лауазымына Ольга Николашинаның кандидатурасы ұсынылды. Қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан еңбегі үшін Данбай Шухратқа ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісі табыс етілді. Музыктанушы Н.Шофер, «Меркез» еврей ұлттық бірлестігінің мүшесі Максим Карапузовтарға Алғыс хаттар табыс етілді. Облыс әкімінің Құрмет грамотасын Ақсу қаласы «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балкар этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Абулкерим Байрамқулов пен Баянауыл ауданы «Родные напевы» хорының жетекшісі Анна Сушкова иеленді.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»