"Бүгінде осы инфекцияны жұқтырды деген күдікпен 128 адам ауруханаға жеткізілді. 82-сі ауруханадан шығарылды. 12-сі қайтыс болды. Қазір тағы 34 науқас ем алып жатыр, олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр", - деді министр брифинг барысында.
Оның айтуынша, инфекция ең көп таралып жатқан өңір - Алматы. "Жыл басынан бері Алматыда 80 адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, олардың 35-і расталмады. Тағы 13 науқас тексерістен өтіп жатыр. Бізде сараптамалық тексеріс бес тәулікке дейінгі уақытты алады", - деп нақтылады Біртанов.