«Өнерді үйрен де жирен» дейді халық даналығы. Адам өміріне жауапты ақ халаттылар жаңа медициналық қондырғылар арқылы тек республикадағы ғана емес шетелде жасалған отаны бақылауға, үйренуге мүмкіндік алып отыр.
Ана мен бала орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашева дәрігерлердің білімін жетілдіруге үлкен мән беріліп жатқандығын айтады. Оңтүстік Кореяда тәжірибеден өткен дәрігерлер де бар. Олар өз білгенін әріптестерімен бөліседі.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»