Аймақтар • 05 Маусым, 2018

Атырауда менингитке қатысты сұрақтар бойынша жауап беретін Call-орталығы ашылды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу сұрақтары бойынша кеңесті тәулік бойы ала алады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырауда менингитке қатысты сұрақтар бойынша жауап беретін Call-орталығы ашылды

Алматы облысында менингит пайда болғанына байланысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті тұрғындардың қоңырауларына жауап беру үшін 24 сағаттық жедел желі ашуға шешім қабылдады. 98-02-92 нөмірі бойынша азаматтар инфекциялық аурулардан және эпидемиологтардан кеңес ала алады. Сондай-ақ, жедел желіде тәулік бойы 3 оператор қызмет етеді.

- Алматы облысындағы менингит инфекцияларының таралуына байланысты біздің облыс тұрғындарын осы аурудың алдын алу бойынша сұрақтар мазалайды. Көптеген адамдар менингиттен қалай қорғануға болатындығын, аурудан аулақ болу үшін қандай шаралар қолдану керектігін ойлайды. Сондықтан да тұрғындар білгісі келетін барлық сұрақтарын 24 сағаттық Call-орталығына қоңырау шалу арқылы сұрауларына болады, - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева.