Аймақтар • 05 Маусым, 2018

Сыр өңірінде менингококк инфекциясына қарсы екпе жасау басталды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр өңірінде менингококкты инфекцияға қарсы екпе жасау жұмыстары басталды

Сыр өңірінде менингококк инфекциясына қарсы екпе жасау басталды

Республика орталығынан жеткізілген арнайы вакцина 50 адамға жетеді. Екпе облыс бойынша бір ғана мекемеде - Қызылорда қаласындағы №6 емханада жасалуда. Бүгінде оны екі адам қабылдады.

Менингит инфекциясы ауа тамшылары арқылы таралатыны белгілі. Сол себепті қатерлі дерттен екпе салдыру арқылы қорғануға болады.  Айта кетейік, Қызылорда облысында аталмыш дертке қарсы вакцинация алғаш рет қолға алынып отыр. Жұмыстарды арнайы инфекционист маман қадағалап отырады. 

«Мүмкіндігінше екпе салдырған дұрыс. Менингитке қарсы вакцина бір айдың ішінде дертке қарсы иммунитет қалыптастырады. Сол себепті уақытты тиімді пайдаланған жөн. Дәл қазір емханамызға 50 екпе жеткізілді. Қажет болып жатса, қосымша тағы да алдыратын боламыз», - деді №6 емхананың бас дәрігері Жанат Қожарипова.

Екпені салу ақылы түрде жүргізіледі. Оның құны - 23 000 теңге.

«Өзге өңірлермен салыстырғанда Қызылордада вакцина бағасы әлдеқайда арзан. Біз тұрғындарға ыңғайлы болу үшін осы бағаны бекітуді жөн санадық. Алдағы уақытта мүмкіндік болып жатса, тағы да арзандатпақпыз», - деді бас дәрігер.