Бірінші тайм барысында Қазақстан командасының ойыншылары Роман Мұртазаев пен Серікжан Мужиков айрықша ойынымен көзге түссе, келесі таймда Бахтиер Зайнутдинов есепті жаңғыртып, белсенді шабуылдады.
Бір айта кететіні, бұл матч Станимир Стоиловтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасының жыл басынан бергі үшінші ойыны. Алтыншы қыркүйекте өтетін «Ұлттар лигасында» Қазақстан Грузия құрамасымен кездесуді жоспарлап отыр.