Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Элизабет Этеридің қол астында жаттығады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушысы, Азия ойындары мен жасөспірімдердің Дүниежүзілік Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Турсынбаева енді ресейлік маман Этери Тутберидзенің қол астында жаттығады.  

Элизабет Этеридің қол астында жаттығады

1974 жылдың 24 ақпанында Мәскеуде туып-өскен Этери Тутберидзе спортшы ретінде елеулі табыстарға қол жеткізбегенімен, бапкерлік кәсіпті жақсылап меңгеріп, өз шәкірттерімен бірге көптеген биік белестерді бағындырды. 1994-1998 жылдар аралығында ол АҚШ-та еңбек етті. Кейінннен Ресейге оралып, бірқатар дарынды жастарды халықаралық аренаға шығарды. Әсіресе, 2014 жыл Тутберидзе үшін аса табысты болды. Сол жылдың қаңтар айында Будапеште өткен Еуропа чемпионатында айтулы маманның қол астында жаттыққан Юлия Липницкая алтыннан алқа тағынса, Сергей Воронов күміс медальді иеленді. Ал ақпан айында Сочиде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында 15 жасар Липницкая командалық сайыста бас жүлдені олжалады. Сонымен қатар, Евгения Медведева, Полина Цурцкая, Серафима Саханович, Адьян Питкеев сынды хас шеберлер әр жылдары Этери Тутберидзенің қол астында жаттықты.

Әзірге қос тарап 2022 жылы Бейжіңе өтетін Олимпиада ойындарына дейін бірлесіп жұмыс істеуді көздеп отыр. Бұған дейін бес жыл бойы Канаданың әйгілі бапкері Брайан Орсерден тәлім алған Элизабет Турсынбаева енді Ресейдің әйгілі спортшысы, Пхенчхан Олимпиадасының жеңімпазы Алина Загитовамен бірге жаттығатын болады.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

 АЛМАТЫ