Аймақтар • 06 Маусым, 2018

Ақтөбе маңынан табылған адамның бас сүйегі ғұн дәуіріне тиесілі болуы мүмкін

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе маңындағы Георгиевка құмды өңірінде құрылыс жұмыстары  кезінде  ғұн дәуірінде жерленген адамның бас сүйегі табылды.

Ақтөбе маңынан табылған адамның бас сүйегі ғұн дәуіріне тиесілі болуы мүмкін

«Сол сәтте біз бұның нақты не екенін түсінбей қалдық. Басында көзге жәй сүйек болып көрінді. Кейін бұл жануардың қалдықтары деп ойладық. Құрылыс машинасы өз жұмысын тоқтатқан сәтте, біз адам бас сүйегін алып шыққанын байқадық. Адам сүйегімен бірге оның алтын әшекейлері де табылды. Біз тез арада сол аймақты қоршауға алып, 102 - ге хабарластық», - деп еске түсірді құрылысшы Бахыт Данат.

Табылған адам сүйегі шамамен біздің заманымыздың II-IV ғасырында жерленген. Сонымен қатар, ол жерден жылқы сүйегі де табылып отыр.  

Тарихшылардың айтуынша, адамның алтын киімі мен алтын әшекейлері оның ғұн дәуірінің құрметті адамы екенін көрсетеді. Әрине, нақты деректер тек қана арнайы зерттеу жұмыстарынан кейін ғана белгілі болады. Сондықтан мамандар бұл туралы әлі ешқандай ақпарат берген жоқ.

«Бұл ерекше адамның бас сүйегі.  Өте құнды дүниелер де табылды. Әзірге ол туралы ешқандай дерек айта алмаймыз, себебі, оның әшекейлері мен киімі алтын болмауы мүмкін. Негізінде, ғұн дәуірінде өмір сүрген адам сүйегінің табылуы  Ақтөбе облысында  бірінші рет болып отырған жағдай»,- деп хабарлайды мұражай басшысы Мейрам Дүйсенғали.