1. Жалпы ережелер
Осы Ереже мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу және қатысу тәртібі мен талаптарын реттейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері (7-тармақ – «Адам капиталы – жаңғырту негізі») атты Жолдауын іске асыру аясында өткізіледі.
1.1. Конкурс білім мазмұнының жаңару жағдайында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату формаларының бірі болып табылады
1.2. Конкурсты өткізу білім беруді дамытып, озық педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Конкурс педагогтардың кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне қызмет етеді, ал олардың үздіктері қоғамдық мойындауды алады.
1.3. Конкурстың ұйымдастырушысы – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Өрлеу» БАҰО» АҚ).
1.4. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін Орталық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымкомитет) құрылады, оның құрамын Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы мен өңірлік кезеңде Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін жауапты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының әрбір базасындағы Өңірлік ұйымдастыру комитетері (бұдан әрі - ӨҰК) анықтайды .
1.5. ӨҰК Төрағалары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директоры болып табылады».
1.6. Түскен бейне материалдарға бағалау жүргізу мақсатында әрбір өңірде Сараптама кеңесі құрылады, олар білім беру, оқыту әдістемесі, медиа технология саласындағы білікті мамандар қатарынан жасақталады және ӨҰК төрағасы бекітеді.
1.7. ӨҰК Ұйымкомитет әзірлеген Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі біріңғай іс-шаралар жоспары бойынша әрекет етеді және Сарапта кеңесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
2. Мақсаты мен міндеттері
2.1 Конкурстың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
2.2. Конкурстың міндеттері:
- үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
- «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру Ұлттық порталында үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын жасау.
3. Конкурс мынадай бағыттарды қамтиды:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар;
- орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар;
- техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар;
- жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар;
- қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.
4. Конкурстың тілі
Қазақ, орыс, ағылшын.
5. Бейнематериалдың түрі:
- дәріс (оқыту мен тәрбиелеу әдісі, белгілі бір саладағы идеялар жүйесін дәйекті монологтық баяндау);
- сабақ (оқу жұмысын ұйымдастыру формасы, осы жағдайда педагог оқу бағдарламасында айқындалған білім алушыларға қойылған дидактикалық және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу үшін саналуан әдістерді пайдалана отырып, нақты кесте бойынша тұрақты құраммен дәл белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс жасайды);
- ашық сабақ (өзінің жұмыс әдістерін көрсету мақсатында басқа оқытушылардың қатысуымен тәжірибелі оқытушы өткізетін сабақ, тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттырудың маңызды құралы);
- практикалық/лабораториялық жұмыс (теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, дербес сынақтан өту дағдыларын дамыту мақсатындағы өздік практикалық жұмыс түрлерінің бірі);
- семинар (жетекшінің тапсырмасы бойынша жекелеген мәселелерді, проблемларды, тақырыптарды білім алушылардың өздігінен оқып үйренуіне құрылған, артынша материалды баяндама, реферат түрінде рәсімдейтін және оны бірлесіп талқылайтын оқу процесінің формасы).
6. Конкурсқа қатысу тәртібі
6.1. Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан жиырма екі аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады. (1- қосымша).
6.2. Конкурсқа педагогтар жеке дара, сондай-ақ шығаршылық ұйымдар арқылы қатысуға құқылы.
6.3. Конкурсқа қатысушылар беретін бейне материалдар саны шектелмейді. Әрбір бейне материалға Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет (2-қосымша).
6.4. Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейне материалдар жіберіледі.
7. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Конкурс үш кезеңде өткізіледі.
7.1. 1 кезең – даярлық, мыналарды қамтиды: Ұйымкомитетті, ӨҰК, Сараптама кеңестерін (өңірлік және Республикалық) құруды, Конкурсты даярлау мен өткізу жөніндегі Ұйымкомитеттің біріңғай іс-шаралар жоспарын әзірлеуді; жарнама өнімдерін жасауды және оны таратуды; жіберілген бейне материалдарды жинақтау үшін қоржындық шешім жасауды. Әрбір филиалда жеке қоржын құрылады.
7.2. 2 кезең – Өңірлік. Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысушылар ӨҰК үшін «Өңірлік конкурс материалдары папкасындағы қоржынға Конкурстық бейне материалдарды жүктеуі қажет. Бейне материалды жүктеген кезде файлдың атауы бейне-сабақтың және (немесе) бейне-дәрістің атауына сәйкес болуы тиіс. Бейне материалдың атауымен бірдей Конкурсқа қатысу ілеспе құжаты (2-қосымша) «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының электронды мекенжайына жіберіледі.
Конкурстық жұмыстарды жинау кезеңі аяқталғаннан кейін ӨҰК барлық материалдарды өңірлік Сараптама кеңесіне береді.
Сараптама кеңесі 8.1. – 8.9. тармақтарына сәйкес конкурс жұмыстарына бағалауды жүзеге асырады және ӨҰК-ға Республикалық кезеңге қатысу үшін әрбір аталым бойынша үш үздік жұмысты ұсынады (1-қосымша).
ӨҰК міндетті түрде Сараптама кеңесінің ұсынымдарын басшылықа ала отырып, Республикалық конкурсқа тапсырылған бейне материалдарды жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсетуге тиіс.
7.3. 3 кезең – Республикалық. Әрбір филиалдың ӨҰК іріктеуден өткен және жетілдірілген бейне материалдарды ілеспе өтініммен Ұйымкомитетке жолдайды (2-қосымша). Ұйымкомитет Конкурстық бейне материалдарды YouTube-дегі «Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім беру арнасына орналастырады.
Республикалық кезең Республикалық сараптама кеңесі мүшелерінің үздік жұмыстарды іріктеуімен аяқталады (бағалау критерийлері, 8.1. – 8.10 тармақ.).
7.4. Конкурстың қорытындылары «Өрлеу» БАҰО» АҚ сайтында орналастырылады.
7.5. Кезеңдер мерзімдері «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының бұйрығымен анықталады».
7.6. Авторлық құқықтар.
Конкурсқа қатысушы өзінде кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға болатын мүліктік және мүліктік емес (айрықша) авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді. Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық (сабақтас) құқықтарын бұзғандығы үшін жеке жауапкершілік көтереді.
Қатысушы тапсырған және Конкурста пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың бұзылуына байланысты үшінші тараптардың талаптарын Конкурсқа қатысушы өз күштерімен және өз есебінен шешуге міндеттенеді.
Конкурсқа өз жұмысын жібере отырып, автор тапсырылған материалды Конкурстың ұйымдастырушысына олардың ұйғарымы бойынша шектеусіз мерзім бойында ақысыз (сыйақы төлеусіз) шарт қоймай пайдалану құқығын, Конкурсқа қатысқан бейнені жария тарату оның ішінде оны интернет желісіне, телебағдарламаларға орналастыру, шығармашылық жобаларға қосу, БАҚ-та жариялау, одан кейін тарату, шығармашылық өңдеу құқығын қоса алғанда (алайда олармен шектелмей) және т.б.) автоматты түрде береді. Конкурсқа жіберілген жұмыстар (бейне) рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Қатысушы Конкурсқа қатысуымен Конкурс ұйымдастырушысына дербес мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, электронды почтатасының мекенжайын, бейнелелеуді (фотографияны) және өзге дербес мәліметтерді) пайдалануға және өңдеуге өз келісімін береді.
Конкурсқа барлық қатысушылар өз аттарын, тектерін, әкесінің аттарын, және бейнелеулерді (фотографияларды) Конкурс ұйымдастырушысының сайтына орналастыруға, сондай-ақ баспасөз басылымдарына, радио- және телевизиялық хабарларға, Интернет-БАҚ-қа және ақпаратты өзге бұқаралық ақпарат құралдарында, You Tube, Facebook-ты қоса алғанда (шектеусіз) таратуға өз келісімін береді .
8. Конкурсты бағалау критерийлері:
8.1. Конкурс жұмысы мазмұнының конкурс бағыттарына сәйкестігі.
8.2. Өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы, практикалық бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығы.
Оқушылардың сабақтағы жоғары ішкі ынталылығы және белсенді өздік і-әрекеті.
8.3. Білім беруде озық білім беру технологияларын және/немесе білім берудегі
8.4. цифрлық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу деңгейі.
8.5. Сюжеттік желіні құру қисыны.
8.6. Конкурстық жұмыста АКТ-құралдарды қолдану шеберлігі.
8.7. Бейне материалдың серпінділігі.
8.8. Көзбен көру қатарының сапасы.
8.9. Дыбыс сапасы.
10. YouTube-дегі «Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім беру арнасындағы көрсетілімдер саны.
8.1. – 8.9 тармақтары критерийлерінің әрқайсысы бойынша 0-ден бастап 2 балл беріледі (0 балл – бағалау критерийі көрсетілмеген, 1 балл – ішінара көрсетілген, 2 балл-толық көрсетілген). Сараптама кеңесінің әрбір мүшесі балл қояды, одан кейін қорытынды болып табылатын орташа балл қойлады.
8.10. критерийі бойынша қағидалар мынадай – көрсетілімдер саны – 500-ге дейін – 0 балл; 501-ден бастап 1000 көрсетілімге дейін – 1 балл; 1001 көрсетілімнен астам – 2 балл
9. Конкурстық жұмыстарға қойлатын талаптар
9.1 Бейнематериалдардың техникалық сипаттамалары:
- HD (1280x720) бастап Full HD (1920x1080) дейін;
- формат *.mp4.
- бейнематериалдың хронометражы 20 минутқа дейін;
- Ілеспе құжаттар:
- Конкурсқа қатысу үшін өтінім (2- қосымша);
10. Конкурстың Республикалық кезеңінің жүлде қоры:
Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар көделген. Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады).
Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары облыстардың және Алматы, Астана қалаларының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттарына хабарласыңыз.