Қазақстан • 07 Маусым, 2018

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанды 3:0 есебімен ұтты

248 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанмен кездесіп, 3:0 есебімен басым түсті. Бұл ойын барша қазақ жанкүйеріне сенім ұялатқаны рас. Құраманың бас бапкері Станимир Стойлов та ойынға дән риза екенін жеткізді.

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанды 3:0 есебімен ұтты

Ойынға Еркебұлан Сейдах­мет қатыспайды дегенді естіген көптеген көрермен біраз қызық­тан құр қалып қойғандай күй кешті. Қаптал арқылы сытылып өтіп, қарсыластың қор­ға­ны­­сына лап қоятын жас дарын жа­рақатына байланысты алаң­ға шы­ға алмады. Ол 19 сәуір күні «Уфа» командасының ойы­ны­н­да жарақат алып қалған еді. Дегенмен, оның орнына алаңға шыққан Еркебұлан Тұң­ғыш­баев та тәп-тәуір өнер көр­сет­ті. Ал негізгі шабуылшы ре­тін­де бірінші минуттан алаң­ға Алек­сей Щеткин шықты.

Бұ­рын­да­ры тек екінші таймда алаң­ға шығатын «Астана» ша­буыл­шысы негізгі құрамдағы орын­ды амалсыздан алған се­кіл­ді. Себебі қазір Сергей Хиж­ни­ченко «Ордабасы» сапында жөн­­ді ойнай алмай жүр. Шынын айт­қанда, команда ішіндегі бәсе­ке­лес­тікте ол легионерлерге орын беріп қойды. Ал Стой­лов фут­болшының сіңірген ең­бегі мен атақ дәрежесіне мүл­де қара­май­ды. «Дәл қазір кім мық­ты ойнап жүр, соның бар­лы­ғын құрамаға шақырдым» деген сөзінен еш танбады. Ал қалған футболшылардың барлығы өз орнына жайғасты.

Матч бастала салысымен Қазақ­стан құрамасы стандарт­тық жағдайларға көп көңіл бөлді. 15 минуттың ішінде 3 бұ­­рыш­тама көтеріп, бір айып до­­бын орындады. Сол айып до­­бынан тамаша пас көтерген Бауыр­жан Исламхан Роман Мұр­тазаевтың гол соғуына мүм­кін­дік жасады. Есеп 1:0.

Артынша іле-шала Исламхан тағы бір комбинациялық шабуыл ұйымдастырып, оның да нә­тижесі голға ұласты. Серік­жан Мұжықов шабуылға нүкте қой­ып, есепті еселей түсті. Ай­та кетейік, бұл Серік­жан­ның ұлттық құрама сапын­да­­­ғы ал­­ғашқы голы еді. 16 ойын­­­­да соқ­қан бірін­ші до­бы. Жал­пы ал­ғанда Мұжы­қов Стой­лов бап­ке­р­дің сыз­­ба­сын­да­ғы маңыз­ды фут­бол­шы­ға айнал­ғанын бай­қадық. Ортада Ис­ламхан мен Мұжықов жұ­бы бүкіл шабуыл­ды бастады. Ал Исламбек Қуат кө­бінесе қор­ғанысқа жауап бе­ріп, қар­сылас шабуылына тойта­рыс берумен айналысты.

Екінші таймда да бірнеше футболшы алмасып, болгар бапкері қызықты қадамдарға бар­ды. Әлгі Еркебұлан Сей­дах­­мет ойнайтын оң қап­тал­да өнер көрсеткен Тұңғыш­ба­ев­ты алмастырып, оның орнына Гео­­ргий Жуковты кіргізді. Бі­рақ «Қайрат» ойыншысы тек ор­­та­да ғана ойнай алады. Ал оң қап­­талға Мұжықов келді. Бірақ са­­ғатқа жуық ойын өткен тұста бап­­кер Серікжанды да демалуға жі­беріп, оның орнына Бахтиер Зай­нутдиновты шығарды. Жас ойын­шы оң қапталда ойнауға мәж­­бүр болды. Әйтпесе оның да н­егізгі орны орталық алаң еді. Зайнутдиновтың оң қап­тал­­­да мардымды ештеңе бітіре ал­ма­­сын байқаған бапкер Ис­лам­­ханды алып, орнына Ян Во­раговскийді кіргізді. Себебі орта­да ойнайтын ойыншылар алаң­да төртеу болып кетті. Ал Вораговский оң қапталдың ойыншысы болмаса да, шеткері тұста емін-еркін қимылдайтын қасиеті бар. Негізінен ол да сол қапталда ойнайды. Екінші тайм­да оң қапталда төрт футболшы өнер көрсетті. Тұңғышбав, Мұ­жы­­қов, Зайнутдинов, Вора­гов­­ский. Бұл әрине ұлттық құ­ра­ма­­мыздың ақаулы тұсы деген сөз. Ертеңдері ресми ойын өт­кіз­­г­ен шақта бұлайша ойын­шы­­лар­ды алмастырып отыру мүм­­кін емес. Сондықтан да Қазақ­стан құрамасына оң қап­тал­да ой­на­й­тын тағы бір адам керек деген сөз.

Матчтың соңғы минутында Зайнутдинов гол соғып, 3:0 нәти­жесін тіркеді. Бұл есеп «Астана Аренаға» жиналған 22 мың жанкүйердің көңілін одан әрі шалқытып тастады. Жамбыл фут­болының өкілі өзінің 3 ойынында 2-голын соғып отыр.

Бақтиер ЗАЙНУТДИНОВ,

Қазақстан құрамасының ойыншысы:

– Командадағы тәжірибиелі ойыншылар маған көп ақыл айт­ып, үнемі қолдап отырады. Соның арқасында сенімді ойнадым. Есепте алға шығып тұрған соң, аяқтағы допты еш ойланба­с-
­тан қақпаға тебе салдым. Ке­зекті голымды соққаныма ри­за­мын. Станимир Стойлов кел­гелі бері құраманың ойыны жан­дана түсті деген пікірмен то­лық келісемін.

Станимир СТОЙЛОВ, Қазақ­стан құрамасының бас бап­кері:

– Барша қазақ жанкүйерлерін жеңіспен құттықтаймын. Менің фут­болшыларым жақсы дең­гей­де доп тебе алатынын дәлел­деді. Енді 6 қыркүйекте болатын Грузияға қарсы ойынға дай­ын­даламыз. «Астана Аре­н­ада» Ұлттар лигасының матчын жеңіспен бастауымыз керек. Ал оған дейін ешқандай жол­дастық матч өтпейтіндіктен, фут­болшылардың еурокубокте көр­сететін ойынына көп назар саламыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН,

«Егемен Қазақстан»

 

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40