Қазақстан • 07 Маусым, 2018

Бокстан халықаралық VI Қазақстан Президенті кубогы турнирі басталды

218 реткөрсетілді

Астанадағы «Дәулет» теннис орталығында бокстан халықаралық VI Қазақстан Президенті кубогы турнирі басталды. Осы жарысқа орай арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, оған Қазақстан бокс федерациясының үйлестірушісі Болат Әбдірахманов, ерлер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, қыздар құра­ма­­сының бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк, Рио Олим­пи­адасының күміс жүлдегері Василий Левит және қыздар арасында әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай қатысты.

Биылғы додаға Беларусь, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, АҚШ, Өзбекстан және еліміздің ең үз­дік деген 180-ге жуық былғары қолғап шебері қатысуға ниет біл­дір­ген. Сонымен қатар аталған елдердің қыздар құрамасы да Аста­нада өз бақтарын сынамақ. Қазақ­стан кубогында ерлер толық 10 салмақ бойынша, қыз­дар төрт салмақ, яғни 51, 57, 60 және 75 кило салмақта жұ­ды­рықтасады.

Болат Әбдірахмановтың айтуынша, бокстан VI Қазақстан Президенті кубогына ең көп боксшы Таиланд елінен келген. «Жарысқа қатысушы 15 елдің ішінен ең көп былғары қолғап шебері Таиланд құра­ма­сына тиесілі. 17 боксшы. Екін­ші орында 16 боксшы әкел­ген Өзбекстан құ­ра­масы болса, Үндістаннан 14 был­ғары қол­ғап шебері келді. Сон­ы­мен қатар жарысқа қаты­су­шылар­­дың басым бөлігі өз елінің нө­­мірі бірінші боксшылары. Мы­са­лы, Өзбекстан құрамасынан Олим­пиада чемпиондары – Хасанбой Дусматов (49 кг) пен Шахобиддин Зоиров (56 кг), Таиланд құрамасы сапындағы екі дүркін Азия чемпионы Вуттичай Масук (64 кг) және 2015 жылғы құрлық чемпионы Чатчай Бутди (52 кг). Сондай-ақ 2015 жылғы әлем чемпионатында Данияр Елеусіновпен кездескен филиппиндік Эумир Марсиаль (69 кг) мен Чарли Суарес (60 кг) де келді», дейді ол.

Ал құрама бас жаттықты­ру­шысы Мырзағали Айтжанов бокс­тан Президент кубогы Азия ойын­дарына баратын құрамды анық­тап береді дейді. Сондай-ақ ол аталған турнир Азия елде­рінің құрамалары үшін Азия ойындары алдындағы соң­­ғы дайындық іспетті екенін айт­ты. «Бірінші кезекте бокстан Президент кубогы Азия ойын­­дары алдында өткізіліп жат­­­қаны зор маңызға ие. Тур­нирге біздің Азиядағы бас-
ты қарсыластарымыз Өзбекстан, Қытай, Моңғолия сияқты құра­ма­­лар өз елінің үздіктерін алып кел­ді. Бұл біз үшін де жақсы тә­жі­­рибе алмасу және Азия ойын­да­ры алдында күшімізді бір бай­қап алуға жақсы мүмкіндік. Осы жарыстан соң Азия ойында­рына баратын құрама біршама анық­талып қалады. Дегенмен бір-екі салмақта әлі де іріктеу болады», дейді бас жаттықтырушы.

Бокстан VI Қазақстан Прези­де­нті кубогы 10 маусымға дейін жал­ғасады. Бокс жанкүйерлері жек­пе-жектерді «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар