Динара Щеглова 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2007 жылы — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2012 жылы — Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
Мамандығы бойынша — менеджмент, ақпараттық жүйелер бакалавры.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.
2008–2009 жылдары ҚР-дағы Дүниежүзілік банк өкілдігінде кеңесші қызметін атқарған.
2011 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта — «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас менеджері, ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.