Бокс • 07 Маусым, 2018

Геннадий Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды

118 реткөрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірақ, боксшының бапкері мен боксшының өзі бұл жайында әзірге еш пікір білдірмеді. Айта кетейік, бұл жағдайдан бұрын халықаралық боксшылар федерациясы украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен 3 тамызға дейін кездесу өткізуге мәжбүрлеген болатын. Бірақ қазақстандық спортшы бұл кездесуді кейінге шегеруге өтінішін білдірген кезде, IBF наразылыған білдірді. Себебі, IBF ережесіне сәйкес, боксшы кездесуді кейінге шегеру мүмкіндігін тек бір рет қолдана алады. Геннадий Головкин болса, бұл мүмкіндігін 5 мамырда өткізілген америкалық Ванес Мартиросянмен кездесуінде пайдаланған.

Жақында IBF ұжымы мәреге әлем чемпионы титулы тігілетін жекпе-жек өткізбек. Бұл жекпе-жекте Деревянченко мен үшінші орынға иелі американдық Дэниел Джейкобстың жұдырықтасуы күтілуде. Спортшының екеуі де Андрэ Розьемен жаттығатыны барша бокс сүйер қауымға белгілі.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин әлем чемпионы титулын 2015 жылдың қазанында канадалық Давид Лемьемен кездесуінде қанжығасына байлаған болатын. Бүгінде ол WBC, WBA (Super) мен IBO тұжырымдамалары бойынша әлем деңгейіндегі чемпион болып саналады.

Дайындаған Ботакөз АМАЛБЕКОВА

Еуразия Ұлттық университетінің 1 курс студенті

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар