Әлем • 08 Маусым, 2018

Жаһан жаңалықтары: Мейвезер миллионерлер көшін бастады

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экс-кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер жаңарған рейтингте «Реал» футболшысы Роналдуды бірінші орыннан ығыстырса, Мессидің «Барселонамен» жасаған жаңа келісімшарты оны үшінші орынға сырғытты.

Жаһан жаңалықтары: Мейвезер миллионерлер көшін бастады

Мейвезерге әлемнің ең жоғары табысты спортшысына айналуға бір ғана жекпе-жек жеткілікті болды. Оның ММА жұлдызы Конор Макгрегормен өткен кездесуі ұйымдастырушыларға 550 миллион доллар табыс түсірді. Флойд 275 миллион доллар жинап бірінші орында тұрса, Конор 85 миллион доллармен 24-орыннан 4-орынға көтерілді.

Жаңа келісімшартқа байланысты бразилиялық аяқдопшы Неймар (ПСЖ) мен ұлттық футбол лига ойыншылары Мэтт Райан («Атланта Фэлконс») және Мэттью Стаффорд («Детройт Лайонс») рейтингте алға жылжыды. 
 

«Вашингтон» клубының рекордын қайталады


Шайбалы хоккейден Стэнли Кубогы финалындағы «Вегас Голден Найтс» пен «Вашингтон Кэпиталз» арасындағы төртінші матч аяқталды (0:4). Америкалық Джон Карлсон қорғаушылар арасындағы рекордты қайталады. Карлсон 99 матчта 54 (18+36) ұпай жинады. Осыған дейін бұл рекордты швед қорғаушысы Калле Юханссон жасаған болатын. Ал Скотт Стивенс 67 матчта 53 (9+44) ұпай жинап үшінші орында тұр.
 

Теннистің шешімін тергеушілер шығарады

Бельгия полициясы келісіммен өткен теннис матчының 13 ұйым­дастырушысын ұстады. Прокуратура олардан пара ал­ды деп күдіктенуде. Ресми мәліметке сүйенсек «армян-бель­гиялық қылмыстық топ» 2014 жылдан бері жұмыс істеген. Тергеушілер қылмыстық топ кәсіби ойыншыларды сатып алып, содан кейін белгілі нәтижеге бәс тіккен деген шешімге келді. Осындай іздеу жұмыстары АҚШ, Германия, Франция, Голландия және Болгарияда жүргізіліп жатыр.
 

Дайындаған
Ырысты Қадірбек,
ЕҰУ студенті