Қазақстан • 08 Маусым, 2018

Астанада «Ұлы дала бояулары» атты республикалық балалар байқауы аяқталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстанның экологиялық білім беру бағдарламасы аясында «Ұлы дала бояулары» атты Республикалық балалар және жасөспірімдер арасындағы байқау жеңімпаздары анықталды. Жобаны Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы ұйымдастырды.

Астанада «Ұлы дала бояулары» атты республикалық балалар байқауы аяқталды

Республикалық балалар байқауына 300-ге жуық  суретші жеткіншек қатысты. Олардың 50-і ғана үздік атанып, 8 бала жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлдені Д.Ставничая мен В.Каварентка  иеленсе, жүлделі бірінші орынды О.Беспалова  мен А.Паноморенко алды. Екінші орынды Д.Сейвухина мен Б.Бейсембекова алды. Ал үшінші орын М.Қайратова  мен А.Снелхановаға бұйырды.

«Біздің компаниямыз Қазақстанға ширек ғасыр бұрын келді және тәуелсіз мемлекетке қолдау көрсеткен, сенім білдірген бірінші ірі батыстық инвестор болды. Біздің ірі әлеуметтік жобаларымыздың бірі жас ұрпақты экологиялық құндылықтарға өнер арқылы баулу болып табылады. Біз бүгін тамашалап отырған суреттерде балалардың қоршаған ортаның сұлулығын, Қазақстан халқымыздың мәдениетін бейнелеуге құштарлығын анық көріп отырмыз», деді «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова.

Байқауға қатысушылар бейнелеу құралдармен қоршаған әлемді, яғни туған табиғаттың сұлулығын, сүйікті қаласын, жетістіктерін, Қазақстанның барлық қазақстандықтар үшін ортақ үй дәрежесін көрсетуге тырысқан.

Байқау аясында бейнелеу және декоративті–қолданбалы өнер, мүсін және қыш бойынша шеберлік–кластар, елорданың әсем де салтанатты орындарымен танысу және Ұлттық музейге, «Мәңгілік ел» салтанатты аркасына барумен экскурсиялар және т.б. қызықты шаралар жүзеге асырылды.

Миражан Махан,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Журналистика және саясаттану факультетінің 1 курс студенті