Бұл Чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша 12 жастан жоғары спортшылар 37 салмақта сынға түседі.
Құрлықтық бәсекеге 12 мемлекеттен250-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі таңда чемпионатқа қатысуға Иран, Ирак, Үндістан Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Моңғолия, Түркменстанмемлекеттерінен өтінімдер түсті.
Жылдың байрақты бәсекесінде ел намысын ерлер арасындағы Әлем чемпионы Әлішер Карменов, 2015 жылдың Азия Чемпионы, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Никита Гарас, әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әлемгүл Сабырхан, жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Сауытова сынды еліміздің үздік жас татами шеберлері қорғайтын болады.