Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының XVIII саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасының Циндао қаласына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Қазақстан Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысуы, бірлескен құжаттарға қол қоюы, сондай-ақ бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.