Қазақстан • 12 Маусым, 2018

Денсаулыққа жұмсалатын қаржы жыл сайын өсіп келеді

600 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда жыл сайын 100 млн адам меди­ци­­налық қызметтің ақысын тө­лей­мін деп, кедейшілікке ұры­на­ды екен.

Денсаулыққа жұмсалатын қаржы жыл сайын өсіп келеді

Расында, медициналық қызметтің ба­ғасы жоғары. Дегенмен елімізде мем­лекет бөлген қаражатпен квота арқылы күрделі операциялар жасаудан, дис­пансерлік есептегілерге тегін дә­рі-дәрмек беруден тыс кепіл­ді те­гін медициналық көмектің бол­ға­нына шүкір дейміз. Егер орган ал­мастыруға, онкологиялық және бір­қа­тар әлеуметтік ауруларға тегін ем көрсетілмегенде жыл сайын қан­ша қазақстандықтың кедейшілік қа­мы­тын мойынына ілетінін бір құ­дай білер. Ал әлемде медициналық кө­мек­ке жүгінушілердің 90 пайызы қа­ра­жатты өз қалталарынан төлеп, мем­лекеттен ешқандай әлеуметтік кар­жылық қолдау көрмейді, 10 пайызы ғана бюджеттен немесе әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру есебінен ем алатын көрінеді. Астанада өткен ТМД-ға мүше елдердің ДСҰ-мен өзара ын­ты­мақтастықты дамыту мәселелерін тал­қылаған мемлекетаралық мәжілісте Дү­ниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы­ның сарапшысы Дорджсурен Бай­арсайхан осылай дейді. Сарапшы Дүниежүзілік банктің есебі бойынша 800 млн адам немесе Жер шары тұр­ғын­дарының 12 пайызы сырқаттана қал­са, отбасылық бюджеттің 10 пайы­зын жұмсайтынын, ал Қазақстанда бұл көрсеткіштің 7 пайыз шамасында еке­нін де айтады.

Аталған отырыста алғашқы ме­ди­­циналық-санитарлық көмек көр­се­тудегі мәселелер әңгіменің өзегіне айналды. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «Пациентке қажетті денсаулық сақтау аясындағы қызмет көрсетуді интеграциялау» жобасы мемлекеттік органдарда іске асырылып жатыр. Сонымен қатар денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік және мемлекеттік емес қа­ражатты есептеп, мониторинг жү­р­гі­зіп, қаржыландыру мәселесінде биыл тұңғыш рет Ұлттық денсаулық сақтау есебі қолға алынғанын жеткізген Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының Денсаулық сақтау экономикасы орталығының жетекшісі Зарина Темекова: «Ден­сау­лық сақтаудың ұлттық есебі тех­ни­­калық тұрғыдан «Қаражат қайдан кел­ді, ақшаны кім алды және қаржы қай­да бөлінді, қандай қызмет түріне жұ­мсалды?» деген сауалдарға жауап
беретін екі өлшемдегі таблица­ны елес­тетеді. Бұл төрт категория ор­тақ классификацияға бірігіп, ден­сау­лық саласын қаржыландыруда туындаған әр сұраққа жауап бере алатын болады» деді. З.Темекова өз сөзінде еліміз бойынша денсаулыққа жұмсалатын қаражаттың жыл сайын
өсіп отырғанын айтты. Мәселен, 2016 жылы 1,6 трлн теңге немесе ІЖӨ-нің 3,4 пайызын құраса, былтыр 3,7 пайызды көрсеткен. Ал долларға шаққанда 2016 жылы 280$ болса, 2017-де 319$ құраған.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласында ұсынып отырған жобасы халықтың өз денсаулығын басқаруға бел­сенді қатысуға үйрететінін айтқан ма­мандар бұл мақсатта елімізде ал­ғаш­қы көмек көрсетудің ұлттық тұ­жы­рымдамасы жасалғанын жет­кізеді.

Шараға қатысушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 71-ші қарарына және 2019-2023 жылдарға арналған он үшінші жалпы бағдарлама жұмысына ұсыныстар айтты. ТМД елдерінің өкілдері денсаулық сақтауды қаржыландыру реформасы барысында өзара ынтымақтастық орнатудағы мәселелер мен ұлттық есеп, әлеуметтік медициналық сақтандыру және дәлелдемелі медицинаның мә­селелерін жан-жақты талқылады. Бас­қосуға ТМД елдерінен басқа Швей­ца­рия, Түркия және еліміздің Ден­­саулық сақтау министрлігі мен Рес­­публикалық денсаулық сақтауды да­­мыту орталығының өкілдері қаты­с­ты.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»