Аймақтар • 12 Маусым, 2018

Қарғалыда ата-анасыз қалған үш бала баспаналы болды

423 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болып, ауыл шаруашылығындағы инновациялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, әлеуметтік-мәдени сала нысандарына барды.

Қарғалыда ата-анасыз қалған үш бала баспаналы болды

Ауданда суармалы егіншілікті дамытудың белсенді шаралары жүргізіліп жатыр. Биыл Желтау ауылдық округінде суармалы жерлер алаңын 4445 гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр. ЕҚДБ қаражатына суару жүйесі қалпына келтіріліп, шаруа қожалықтары игерулері тиіс жаңа заманауи коммуникациялық технологиялар жүргізілуде. Мердігерлер 12 шақырым электр желісін тартып, су беретін 14 сорғылау бекетін қондырады. Барлық жұмысты күзге қарай аяқтау жоспарланған.

Бердібек Сапарбаев аудандағы ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездескен кезінде суармалы егіншіліктің ерекшеліктері жайында еске салды.

- Біз сіздерді барлық маусым бойы сумен қамтамасыз ететін  және астық өнімділігін 8 млрд теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Сіздер де өз тараптарыңыздан астық өнімділігін қамтамасыз етулеріңіз қажет, әйтпесе салған инвестицияның тиімділігі болмайды, - деп атап өтті облыс әкімі.

Петропавл ауылында өңір басшысына аквапаника әдісін пайдалана отыра кәсіпшілік балықтардың шабақтарын бағудың қызық жобасы таныстырылды. Жергілікті кәсіпкер Артур Кофлер 4 мың тонна шабақты өсіріп, оларды ендігі табиғи ортаға жіберіп те қойған.

Ш.Қалдыаяқов атындағы ауылда тамыз айында қуаттылығы 5 мың тонна картопқа дейін жететін көкөніс қоймасы пайдалануға берілмек. «Актеп» ЖШС оны өз қажетіліктеріне жұмсайды деп көзделуде: кәсіпорын күзде 200 гектар алаңнан 8 мың тонна астық күтіп отыр, бір бөлігі «Табыс» базарында арзан бағамен сатылатын болады. Бұдан басқа, кәсіпорын бірнеше тұқым шаруашылығын құрып, жергілікті шаруаларды сапалы тұқым материалдарымен қамтамасыз еткісі келеді.

Өңір басшысы «Актеп» ЖШС басшылығының қызметіне оң баға беріп, осындай кәсіпорындардың облыстағы ауылшаруашылығы салаларын дамытудың қолбасшысы болып табылатынын атап өтті.

Мұнда Бердібек Сапарбаев «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салынған «Қазпошта» бөлімшесінің жаңа ғимаратын қарап шығып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Облыс әкімі қарғалылықтардан мемлекеттің ауылшаруашылығын дамытуға  берген мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануларын сұрады, сонымен қатар, ауылдағы жекеменшік тұрғын үйлердің құрылыс қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді. Жер телімдеріне барлық инженерлік коммуникациялар тартылғанымен жекеменшік - тұрғын үй құрылысы бәсең.

Сондай-ақ өңір басшысы «Алтын бұлақ» сауықтыру кешенінің тұрғызылу барысымен танысты, сонымен қатар, Бадамша ауылында салынып жатқан жалдамалы-коммуналды тұрғын үйді, балабақша ғимараты мен қалпыны келтіріліп жатқан саябақты қарап шықты.

Облыс əкімінің жұмыс сапары "Бақытты бала" мерекелік шарасымен аяқталды. Оған ауданның 15 мектебінен келген 300-ден аса бала қатысты.

Бердібек Сапарбаев ата-ана қамқорынсыз қалған үш балаға баспана алу үшін сертификаттар табыс етті. Он жетім бала "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіндегі" есепшотын толтыру үшін 100 мың теңгеге сертификат алды. 

Бұдан басқа, оқу жылында ерекшеленген 110 оқушыға Астана қаласы мен Түркістанның киелі жерлеріне саяхат жасауға жолдамалар берілді. Жиырма қарғалылық бала демеушілер қаражаты есебінен  Орынбор облысының Новотроицк қаласындағы сауықтыру лагеріне бара алады.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»