Аймақтар • 12 Маусым, 2018

Сыр өңірінде жерді пайдалануда бақылау күшейтіледі

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық әкімдігінде семинар өтті.

Сыр өңірінде жерді пайдалануда бақылау күшейтіледі

Алқалы кеңесте аймаққа жер заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келген ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, комитеттің жер қатынастарын және жерге орналластыруды дамыту басқармасы басшысы Жанар Қаржанова баяндамалар оқыды.

Жиында ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу және басқа да өзекті мәселелер айтылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»